Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты рефрендумға орай пікір білдірді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты референдумға орай пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өкізу туралы Жарлыққа қол қоятындығын мәлімдеді. Мұнан кейін Конституциялық заңға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы референдумды өткізу жөніндегі жоспар жасайды. Қазірдің өзінде өңірлерде жоғары қызығушылықты байқап отырмыз, түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Парламент депутаттары да осы мәселеге қосылып, сайлаушылармен, қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен тақырыптық кездесулер өткізеді деп ойлаймын», — деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.