Алдағы сайлаудың 10 ерекшелігі
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы Мәжіліс және мәслихат сайлауының ерекшеліктерін жариялады:
1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);
2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік ашылды;
3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды; 4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;
5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;
6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;
7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген графа енді;
8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;
9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;
10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).