Алаяқтар халықты скринингтен өтуге «шақыра» бастады
Алаяқтар енді медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалатын болды. Олар СМС арқылы келген кодты айтып, тексеруден өтетінін растауды сұрайды.
Алайда ешқандай медициналық мекеме СМС код арқылы жазбаны растауды талап етпейді.
Арнайы код цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылуы мүмкін, ал оларды үшінші тарапқа хабарлауға болмайды.