Алғашқы болып дауыс берді

Ұлытау ауданының тұрғыны Зукен Ершуманова алғашқы болып дауыс берді. Таңмен таласа №123 сайлау учаскесіне келген ол жаңа Конституцияны таңдау маңызды екендігін жеткізді. Кент тұрғынының айтуынша, мұнда ол учаске ашылмай тұрып келген.

– Референдумда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша биыл да ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 06:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Еліміздің болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға алғашқы болып үлес қосқым келді, – дейді Зукен Ершуманова.