Қайырымды жүрек: Қарағандыда «Отзыв» қайырымдылық қоры ашылды

Қарағандылық Александр Корогодов «Отзыв» қайырымдылық қорын тіркеді. Ол 16 жасынан бастап бейтаныс адамдарға көмектесе бастаған. Бүгін ол 28 жаста және өзінің бұрыннан армандаған арманын орындап,  қайырымдылық іс-әрекеттерін заңдастыру және мүмкіндігінше көп адамға көмектесу мүмкіндігін ұлғайтты.

— Барлығы жай ғана игі істерден басталды. Мен Пришахтинскіде дүниеге келгенмін, сонда тұрамын. Менің ата-анамның кішкентай дүкенінің жанында «Таңшолпан» балалар үйі болды. Мен сол жерде тәрбиеленіп жатқан балалармен таныстым. Алдымен оларға тіттілер тарататынмын. Қалтама ақша тигенде, қолымнан келген көмегімді көрсетіп отырдым. Бірде батут орталығымен келістім. Онда балалар күні бойы секірді, содан кейін орталықтың басшылығы оларға дастархан жайды, — деп еске алады Александр.

Бұл оны балалар үйінің тәрбиеленушілерімен одан әрі жұмыс істеуге шабыттандырды. Жас жігіт демеушілер іздей бастаған, ұлдар мен қыздарға мерекелер өткізді. 2019 жылы Александр балаларға жауынгерлік өнер шебері Хабиб Нурмагамедовты қонаққа шақырды. Осы кездесу туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін, балалары ауыратын аналар Александрдан көмек сұрай бастады. Осылайша жас жігіт ерекше балалар мен денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдарға қолдау көрсете бастады.

— Мен жай ғана өте алмадым. Мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысамын. Интернетте ақша жинауды бастадым, қаламыздың жанашыр шығармашыл адамдарымен бірге қайырымдылық концерттерін өткіздік. Ал өткен жылдың наурыз айында карантин басталғаннан кейін барлық жағдайы төмен адамдарға көмектесуге шешім қабылдадым. Нанға ақша таппағандар үшін де жәрдемдестік, — дейді «Отзыв» қорының негізін қалаушы.

Александр пікірлестерімен бірге алты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Олардың барысында өнімдер мен заттарға қаражат жиналған.

— Менің қайырымдылық қызметімнің басында адамдар әрқашан адал болмайтын жағдайларға да тап болдым. Олар бәрін өздері сатып ала алды, бірақ қандай да бір себептермен бізге жүгінді. Бүгінде ондай жоқ. Көмек бермес бұрын біз отбасының жағдайын зерттеп білеміз. Біз олардың үйіне барамыз, сөйлесеміз, адамдардың қажеттіліктерін білеміз, — деп түсіндіреді «Отзыв» қорының негізін қалаушы.

Бүгінде жетінші акция үшін ақша жинау жүріп жатыр. Ол Александрдың үнемі қамқорлығында болған отбасылар үшін өткізіледі. Жиналған қаражатқа үшін азық-түлік, қажетті киім, гигиена құралдары сатып алынады.

— Қаламызда мұқтаж адамдар аз болғанын қалаймын. Балалар аз ауырып, көбірек қуанса екен дейміз. Көбісі мұны шоу деп айтады. Жақсы істерді көрсету керек деп санаймын. Репосттар жасаңыздар, олар туралы айтыңыздар, сонда мүмкіндігінше көп адам ат салысады. Он жыл бұрын мен жалғыз едім. Бүгін маған көптеген адамдар қосылды. Біз бәріміз бірге бір мақсатқа — мүмкіндігінше көп қарағандылықтарға көмектесуге ұмтыламыз, — дейді Александр.