Аймақты әлеуметтік нанмен қамту жайы талқыланды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекенов «Ұлытау-нан» ЖШС және «Самади» ЖШС компанияларының өкілдерімен кездесті. Жиынның негізгі мақсаты ағымдағы жағдайды талқылау және өңірді одан әрі үздіксіз әлеуметтік нанмен қамтамасыз ету.
Кездесу барысында  А.Бәрекенов Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан І сұрыпты ұнан жасалған бидай бағасын тұрақтандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынды. Бұл ретте кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігі «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ тарапынан өтелмек. Осы арқылы жергілікті нан пісіру кәсіпорын арзан бағадағы ұнмен тұрақты қамтамасыз ете отырып, халықтың нанға деген сұранысын толық өтеледі. Әрі оның бағасы да қолжетімді болмақ.
Қазіргі таңда  Ұлытау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне І сұрыпты ұн өндіру үшін тиісті бюджеттік өтінім берген. Ал,    «Самади» ЖШС ұн тарту кешенінің өкілдері болса, әлеуметтік нанды жергілікті нан өндірушілер қолжетімді бағада пісіру үшін оларға аймақта өндірілген ұнды беру дайындығын пысықтады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың одан әрі тығыз ынтымақтастығы, атап айтқанда, әлеуметтік нанның бағасын бұрынғы деңгейде ұстап тұру жөніндегі шараларды әзірлеу туралы шешім қабылданды.