Аграрларға мол мүмкіндік

Жуырда, Жезқазған қаласында Аграрлық несие корпорациясының кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Ашылу рəсіміне Ұлытау облысының əкімі Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ мен «Бəйтерек» ҰБХ АҚ-ның Басқарма төрағасы Қанат ШАРЛАПАЕВ арнайы қатысып, кеңсенің лентасын қиды.

Орайы келгенде айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша 2022 жылы Аграрлық Несие Корпорациясы арқылы 2 млрд. 284 млн. теңгеге барлығы 161 несие берілген. Оның ішінде «АгроБизнес» бағдарламасы бойынша 58 несие барлығы 1 млрд. 496 млн. тенгеге берілді.

– 2023 жылы өңірімізде 1 млрд. 807 млн. теңгеге 120 несие мақұлданды. Оның ішінде соммасы 1 млрд. 102 млн. теңгені құрайтын 33 несие «АгроБизнес» бағдарламасы арқылы болса, соммасы 25 млн.теңге болатын 2 несие «Кең дала» бағдарламасы арқылы берілді. Алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар ауыл шаруашылығын дамытуға үлесін қосатынына сенеміз, – деді Ұлытау облысының əкімі Берік Əбдіғалиұлы салтанатты рəсімде.

Ұлытау облысының тұрғындары үшін Аграрлық несие корпорациясының Жезқазған қаласындағы кеңсесі Ғарышкерлер бақжолы 40А мекенжайында қызмет көрсетеді.

Аманкелді АҚШАЛ.