АЭС: сенімді энергия көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқандығын ескерсек, энергияның таза әрі тұрақты көзін дамытуымыз керектігіне тоқталды.

Президент аталмыш құрылысқа жұмсалатын қаржы мен экологияға әсерін және т.б. жайттарды ескере отырып, АЭС- на байланысты мәселені бүкілхалықтық референдум арқылы шешуді жөн көрді. Мемлекетіміз үшін маңызды сұрақтың шешімін қабылдауда әр Қазақстандық өзінің пікірін білдіру үшін мүмкіндік туындауда. Референдумға қатысушылар өз таңдауын жасауда ғалымдар мен сарапшылардың мәлімдемелеріне сүйене отырып, оң шешім қабылдаулары тиіс деп ойлаймын. Еліміз үшін өте маңызды қадам. Атом электр станциясының құрылысы еліміздің экоһномикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқаты¬ның артуы, экологиялық мәселелерді шешу¬де өзгерістер алып келеді. Себебі электр қуатын тұрақты тұтыну болашақта оның тапшылығын көру қаупін туындатуда. Ал ,ғалымдардың тұжырымы бойынша атом энергиясы үздіксіз энергия өн¬дірудің жалғыз ғана көзі ретінде мойын¬дал¬ған. Қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған заман. Бүгінгі таңда әлем бойынша 64 ядролық реактордың құрылысы жалғасуда, олардың шамамен екі үштен бірі Азия елдерінде салынуда. Бұл жобалар негізінен Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты елдерде жүзеге асырылып жатыр. Сол себепті елімізде жаңашылдық бастамалардың жүзеге асырылуы әлеммен бірге дамуымызға мүмкіндік береді. Осы орайда биліктің қайнар көзі- халық екенін ескере отырып, бұқараның осы мәселеде дұрыс шешім қабылдайтынына сенімдімін. Елдің болашағы үшін өте үлкен жауапты қадамды, бірге жасайық құрметті Отандастар!

К.Алимкулова,
белсенді жас.