Қадірменді Ұлытау облысының тұрғындары!
Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық Волонтерлер күні атап өтілуде. Олар — шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналған жандар. Волонтерлық – нағыз патриотизмнің көрінісі.
Қазіргі таңда облысымызда 100 ден астам бастамашыл волонтерлық топ бар және олардың қатысуымен 400 ден аса іс-шара жүзеге асырылды.
Облысымызда волонтерлер қозғалысы белсенді дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласында маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары волонтерлік қызметке деген қызығушылықтың артуы және жастардың белсенділігі байқалуда. Соның алғысы ретінде биыл «Мен жас Қазақстандықпын» жобасы шеңберінде «Жыл волонтері» номинациясы табысталды.
Волонтерлік — ол уақытша науқан емес, ол — он мыңдаған азаматымыздың жан тебіренісі. Біз Әрқашан біргеміз!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.