Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын!

Баршаңызды бірлік пен берекенің мейрамы саналатын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бірегей ұлттық құндылық ретінде бағалайтын қазақстандықтар үшін айрықша маңызға
ие. Біз ел тұтастығының тірегі, мемлекеттің басты байлығы – халықтың ымыра-бірлігін əрдайым көзіміздің қарашығындай
сақтап, оны одан əрі нығайта түсуге тиіспіз.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» – дейді Ұлы Дала даналығы. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт
өмір мен ырысты ынтымақ үстемдік құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы десек, ол шынайылықтың шырайын енгізе түсер теңеу ретінде қабылдануы тиіс.
Қазіргі таңда Ұлытау ауданында орыс, корей, татар, өзбек, украин жəне өзге де этностардың өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату-тəтті жағдайда ғұмыр кешуде. Олардың мақсат-мүддесі ортақ, сол себепті, ауыртпалықты бөлісе арқаласып, қызық-қуаныштарын бірге өткеру – өмірдің бұлжымас заңдылығына айналып кеткен құбылыс.

Қадірменді қауым!
Мерейлі мерекеде баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, келешегімізді кемелдендіре түсу
жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз!
Еліміздегі ұлтаралық татулықтың іргетасы берік болып, ынтымақ пен бірлігі нығая берсін!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың төрағасы.