Қадірлі жерлестер!

Берекесі мен бірлігі жарасқан барша Ұлытау жұртшылығын көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі – «Алғыс айту күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – табиғаттың ояну уақытымен, жаңа үміттермен сәйкес келетін, ұлттық ынтымақтастық пен жерлестердің бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсететін көзайым күн.
Бұл мереке ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Мереке қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделген. Алғыс айту күнінде, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер — патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік, сыйластық пен адамгершілік негіздері жоғарылап, қосымша серпін алады.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Аудан тұрғындары мен азаматтарына Ұлытау өңірін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметті жерлестер!

Айналамыз аман, төңірегіміз түгел, бауырымыз бүтін болсын.
Әрбір шаңыраққа құт дарып, ырыс-несібелеріңіз арта берсін! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін. Әр отбасына амандық пен игілік тілейміз!
Жылдың әр күні Сіздерге тек қана жақсылық пен қуаныш әкелсін!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы.