Қадірлі тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр – жұртшылық жадында біздіңхалқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлылығының символы ретінде сақталып келеді.Отанды қорғаған әкелер мен ағалардың қайтпас қаһармандығы уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол күндер алыстаған сайын оның маңызын ерекше ұғына түсеріміз анық.

Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке лайықты.

Майдан даласында қаза тапқандар мен елге оралып, еңбек көрігін қыздырып барып өмірден өткен майдангерлердің рухына – мәңгі тағзым!

Баршаңызға ұзақ та жарқын ғұмыр, алаңсыз тірлік, жалпы қоғамның таза пейілі мен ыстық ықыласын тілеймін.

Әлімбек ЖАНДАРБЕКОВ,

Ұлытау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.