Адал еңбек – шынайы байлықтың бастауы
Еңбегімен елге үлгі болып жүрген әрбір жан – құрметке лайық. Қиындығына мойымай, табандылықпен еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасында еліміз өсіп-өркендеуде. Себебі нағыз байлық – адал еңбекпен келетін табыс.
Қоғамның дамуы – еңбек адамының табанды тіршілігімен тікелей байланысты. Олар көзге көрінбей, үнсіз еңбек етсе де, әр ісінен үлкен жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншілік сезіледі. Осындай жандарға алғыс айту – құрметтің үлкені.
Қарапайым еңбек иелері – ауылда болсын, қалада болсын – өміріміздің нағыз тірегі. Оларсыз ешбір сала дамымайды, ешқандай табысқа жету мүмкін емес. Ауылда таңмен таласа тұрып жер өңдейтін диқандар, зауыттағы жұмысшылар, жол салып, құрылыс жүргізіп жүрген мамандар – барлығы еліміздің дамуында ерекше орын алады.
Еңбекке адалдық – адамгершіліктің биік өлшемі. Еңбек адамының даусын естіп, еңбегін бағалау – қоғамның басты міндеті. Осындай азаматтарға құрмет көрсету арқылы біз жас ұрпаққа дұрыс бағыт, жарқын үлгі көрсетеміз.
Олжас ТӨРЕБЕК,
электрик.