Абыз батасы – елдің тілеуі
Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген қазына кеуде қария Сәрсенбай Оспановтың үйіне дауыс беру жәшігі жеткізілді.
Жасы 90-нан асқан абыз ақсақал бұған дейін өткен барлық сайлау науқанына қатысып, дауыс беріп келеді. Өмірлік серігі Күләй Баймұратқызымен бірге өз таңдауын жасаған Сәрсенбай ата «Отанымыз – Қазақ елі көркейе берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Елдің іскер азаматтары сайлау сынынан сүрінбей өтіп, мемлекет мүддесіне қызмет етсін!» – деп, ақ батасын берді.
Өз тілшімізден.