АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ АЗАМАТ

Қанат БАЙСАЛБЕКОВ есімі Ұлытау ауданының Сарлық ауылында ерекше аталады. Ол аудан жұртшылығына іскер, белсенді азамат ретінде танылса, ауыл халқына қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде танымал.

Қанат Қанайұлы 1968 жылы 10 қазанда Бабыр би ұрпағы Қанай Байсалбековтың ша Байсалбековтың шаңырағында дүниеге келген. 1975 жылы №3 Аманкелді орта мектебінің бірінші сыныбына қа сыныбына қабылданады. Кейін данады. Кейіннен әкесінің жұмыс бабына байланысты Жәйрем кентіне қоныс аударып, сол жерде 1985 жылы 10 сыныпты аяқтайды. 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, әскери борышын өтейді. 1989-1993 жылдары Жәйрем кен-байыту комбинатында жүк тиегіш көлігін жүргізеді.
1993 жылдың жазында кіндік қаны тамған туған жеріне қайта оралып, өзі оқыған мектепке құбыр жөндеуші болып жұмысқа орналасады. Содан бері, Сарлық ауылында қайнаған қызу еңбектің бел ортасында жүр. Ауылдың күйбең тірлігіне әбден төселіп алды. Жігерлі азаматтың ісі де алға баса берді. Қолындағы мал басын өсіріп, өнімдерін өндірді. Әйтеуір, тыным таппай еңбек етті. Төккен тер, жұмсалған күш-қайрат көп ұзамай өз жемісін де бере бастады. Қазір оның өз отбасына жетерлік мал басы бар. Әлі де шаруашылығын өркендету үстінде. Төрт түлікті көбейтіп, шаруашылығын одан әрі дамытуды да жоспарлап отыр. Қанаттың туған жерге кіндігі байланған нағыз еңбек адамы екендігіне көзіміз жетті.
Қанат Қанайұлы жайдарлы мінезді, бірбеткей азамат. Үлкен-кішімен де тез тіл табысқыш. Жақын араласқан адамға оның тұла бойы кішіпейілділікке тұнған қарапайымдылықтың құймасындай көрінеді. Кіммен болса да емен-жарқын сөйлесетін елгезек жан. Өзіне тапсырылған істі аяқсыз қалдырған емес, бәрін абыроймен атқарады. Сенімге сызат түсірмейтін азамат. Сөзін де бұлтылдатпай, тура кесіп айтады. Осы мінезі Қанатқа әкесінен дарыған сияқты. Әкесі Қанай да ел алдында сыйлы, құрметті кісі еді. Бұл Байсалбековтер әулетін осы өңір ғана емес, тамырын тереңге тартқан Бабыр би ұрпағы екенін Жезқазған-Ұлытау халқы да жақсы біледі.
Қанат елге істеген ісін бәлсінбейтін, жақсылық жасаса жар салмайтын, елеусіздеу жүріп-ақ қыруар шаруаның бетін қайырып, адал еңбегін ту еткен арда азамат. Ол өзі ауыл азаматы болғандықтан, сол жердің жағдайын, ауыл тіршілігін, тұрғындардың қам-қарекетін, тұрмыс жағдайын бес саусақтай біледі. Сондықтан да ауыл халқына қолынан келген көмегін аянып қалған емес. Өткен жылы ауыл ағайындарына қолжетімді бағада шөп үлестіріп, ел алғысына бөленді.
Қашаннан ауыл шаруасы жалғаса беретіні анық. Жаз келсе, қысқа қамданады. Көктемде мал төлдетіп, жазда шөп шауып, оны ауылға тасиды. Осылайша қазақы қаймағы бұзылмаған ауылдың жұмысы жылдың төрт мезгілінде де жалғаса береді. Ал, соңғы бір-екі жылда Қанат спорттық іс-шараларды өткізуге де ден қоя бастады. Қатарынан екі жыл волейболдан «Бабыр би» атындағы аудандық турнирді ұйымдастырды. Бұл спорттық шара Бабыр би ұрпақтарының демеушілігімен өткізілді. Қазір Қанаттың жасы 57-ге қадам басты. Ауылдастары алдында сыйлы, беделді. Ол туралы жақсы сөз, оң пікірлер жиі айтылады. Бүгінгі күні пейілі кең, қолы ашық ел ағасы қатарында болып, жұрттың ризашылығын алып жүрген ауыл азаматының бірі. Қарапайым жұмысшы болғанымен іскерлік қабілеті жоғары. Адал еңбегімен абыройға бөленген жан. Өзінің таза еңбегімен өнген біз білетіндердің бірегейі осы – Қанат Қанайұлы. Ол абырой асуына таза еңбекпен жетті. Еңбегі де еленіп, өткен жылы Ұлытау ауданының 85 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қанаттың отбасы да үлгілі жанұялардың қатарында. Зайыбы Тоғжан Мұханбетрахымқызы №3 жалпы білім беретін мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Қазір екеуі екі ұл, бір қыз, екі немере өсіріп отырған ардақты ата, аяулы әже. Бастысы, өзінен өрбіген саналы ұрпағының ортасында. Немерелерінің қызығын қызықтап, жары екеуі бақыт құшағында. Қанат пен Тоғжан Байсалбековтер – осындай бақытты жандар.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.