Абайлаңыз! Қаржы пирамидасы!

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Азаматтарға «ҚазМұнайГаз», «Теңізшевройл» мұнай өндіруші компаниялары, «Бəйтерек Инвест платформасы» мемлекеттік цифрлық платформасының жобасы сияқты ірі жобаларға ақша қаражатын инвестициялау ұсыныстарымен «жалған қаржы компанияларынан» жəне «Kaspi Bank» жоғары кірістілік уəдесімен Интернет желісінде жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді.

Алаяқтар азаматтарды сендіру үшін белгілі компаниялар мен банктердің, жаңалықтар порталдарының логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар қоғамдағы танымал тұлғаларды қатысушы ретінде атайды.

Мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды жəне белгілері бар қаржы пирамидалары.

Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ұлытау облысының барлық тұрғындарын сақ болуға, мұндай хабарларға сенбеуге шақырады. Əрбір ұйымды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігінің жəне өзге де уəкілетті органдардың тізілімінде тексеруге шақырады.

Егер сіз қаржы пирамидасының таралуына куə немесе қатысушысы болсаңыз, Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 144 мекенжайында орналасқан Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7102) 77- 30-62 сенім телефоны арқылы дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

Ұлытау облысы Экономикалық тергеу департаменті.