Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы «Салт-дәстүрлер» арнайы жобасына қатысуға шақырады

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Қазақтың 100 салт-дәстүрі» тақырыбында флешбук жұмысын жалғастыруда. Және сіздерді «Дәстүр мен әдет-ғұрып» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған флеш-ресурсқа онлайн түрде қатысуға шақырады.

«Біз барлығынан қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бойынша кітаптар туралы бейне, фото, дәйексөз, иллюстрациялар және басқа да ақпарат түрінде қызықты презентациялар күтеміз. Қатысушылар өз ойларымен, тілектерімен бөлісіп, ұсыныстарын оқу тізіміне қалдыра алады», — деп хабарлады кітапханада.

«Салт-дәстүрлер» арнайы жобасы осы жылдың 28 наурызынан 24 қазанына дейін өтеді. Оған балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының көпшілік және балалар кітапханаларының қызметкерлері қатыса алады.

Қатысу шарттары:

1. @Fleshbook2021 аккаунтына жазылу керек.

2. Қатысушылар fleshbook2021 парақшасында жариялағысы келетін кітаптарды таңдап, қызықты материалдар, электронды құжаттар жинайды.

3. Сондай-ақ қазақстандық авторлардың кітаптары туралы жазуға, оларды суреттермен, фотосуреттермен, дәйексөздермен толықтыруға және түсініктемелер қалдыруға болады.

4. Әлеуметтік желіде роликтер орналастырылады, онда жастар заманауи стильде салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және ұлттық тағамдар жайлы баяндайды немесе көрсетеді.

5. Қатысушылар @fleshbook2021 парақшасына тіркеліп, жиналған барлық материалдарды өздерінің Instagram парақшаларына орналастырады. Әр қатысушының жарияланымдарының саны шектеусіз. Ұсынылған материал қызықты, сапалы болуы керек. Жарияланған материалдар (авторлық құқық) алынған кітап туралы ақпаратты көрсету керек.

6. Постта @fleshbook2021 парақшасын белгілеу керек.

7. Оқушылар үшін парақшада аты-жөнінен басқа, сынып, мектеп, қала, аудан, ауыл туралы толық ақпаратты көрсету керек.

8. Қатысушылардың профильдері ашық болуы тиіс.

9. Флешбук аяқталғаннан кейін әрбір мақсатты аудиториядағы белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Байқау туралы толығырақ Fleshbook2021 Instagram парақшасында білуге болады.