Ақпараттық хабарлама!
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Қазір әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласында мектеп жасындағы балаға иттің шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарап жатыр.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біздің облыста мұндай оқиғалар тіркелген жоқ.
Дегенмен, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.
Сонымен қатар, Ұлытау облысының тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және қасақана жалған ақпарат таратпауды сұраймыз.