Бидай трипсі

Қазақстанның барлық жерінде таралған. Жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Бидайды зақымдайды.

Сыртқы құрылысы: имагосы ұсақ, қара, жіңішке, ұзын денелі, екі жұп қанаты жіңішке, ұзын түкті шашақпен жиектелген ересек бунақдене. Ұзындығы 1,5-2 мм. Жұмыртқасы бозаң – қызыл сары, ұзынша – сопақ пішінді

Биологиясы: ересек дернəсілдер жаздық жəне күздік бидайдың астығы орылған аңыздағы өсімдік тамырларының маңайында, топырақ қуыстарында, өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Топырақтың беткі қабаты +80С-ге дейін жылынғанда оянады. Дернəсілдер аңызға орналасып, осында 1- 2 апта ішінде қоректенбей, қозғалмай, пронимфаға жəне нимфаға айналады. Олардың ең көп саны күздік бидайдың масақтану мерзіміне байқалады. Бұл кезде трипсілер масаққа жабысқаны соншалықты, соның салдарынан масақтың түсі қара болып көрінеді. Содан соң бидайлар жаздық бидайға ұшып қонады. Күздік дəнді дақылдар егілмейтін солтүстік аймақта, жаздық бидайдың түтіктену – масақтану кезеңінің бас кезінде, трипсілер жаппай таралады. Жұмыртқасын масақ қабыршақтарының ішкі жағына немесе білігіне топтап салады. Жұмыртқалау кезеңі бір айға дейін созылады. Өсімталдығы 20-25 жұмыртқаны құрайды. Дернəсілдер жұмыртқаны жарып шыққаннан 6-7 күннен кейін масақ қабыршықтарының немесе масақтың гүлді қабаттарының шырынын сора бастайды. Соның салдарынан масқатануы кешеуілдеп, масақтың пішіні бұзылады. Жапырақтар мен сабақтарды зақымдап, олардың бұзылуы мен жапырақтардың теңбілденуіне əкеп соқтырады.

Күресу жолы: агротехникалық əдіс, ішекті контактылы əсер ететін инсектицидпен өңдеу, ауыспалы егісті сақтау, жаздық дақылдарды оңтайлы мерзімде себу.

ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы.