Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің бірегейлігі неде?
Ең ірі әлемдік діндердің – исламның, христиандықтың және буддизмнің арасындағышынайы шекарасы тарихи болып табылатын біздің елімізді «өркениеттердің торабы» деп атауы заңды. Мұнда ғасырлар бойы түрлі этностар мен дінөкілдері бірге өмір сүріп, бірге еңбек етті. Сондықтан Қазақстанда ел халқының көпшілігінде ұқсас құндылықты бағдарларды қалыптастыруға, этникааралық және конфессияаралық келісім мен өзара құрметтің толерантты атмосферасын құруға ықпал ететін түрлі мәдениеттер мен 13 өркениеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің тарихи баға жетпес, бай тәжірибесі жинақталған.
Мемлекетіміздің басшысы Қазақстанның этномәдени және конфессионалдық алуан түрлілігі – бұл қазақстандықтарға басқа халықтардың құнды мәдени жетістіктерімен алмасуға мүмкіндік беретінбіздің бар қоғамымыздың ортақ игілігі, зорбайлығы екенін әрдайым ерекше атап өтеді. Белгілі болғандай, тәуелсіздік алғаннан кейін біздің еліміздің алдында қоғамдық диалогты қалыптастыру мен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету міндеті тұрды. Полиэтноконфессиялық қазақстандық қоғам жағдайында рухани бейбітшілік пен келісім жас мемлекетті құрудағы республиканың әлеуетін жұмылдыра отырып, халықты бір азаматтық қоғамдастыққа топтастырушы факторға айналды. Екі онжылдықтың ішінде құрылған конфессияаралық келісімнің тиімді үлгісі бүгінде Қазақстанның жедел жаңару үдерісінің және оның әлемнің ең бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуіне қажетті жағдай мен тірегі болуға қызмететуде. Қазақстан этностардың ұлттық-мәдени алуан түрлілігін бір уақытта сақтаудағы этникалық ерекшелікті дамытуға бағытталған стратегиялық бағытты дәйекті және мақсатты түрде ұстанып келеді. Мемлекеттік саясаттың негізінде мәдени, діни және өркениеттік бірегейлікті одан әрі нығайтудың, мәдени қоғамдастыққа өтудің, сондай-ақ діндер диалогын бүкіләлемдік дамытудың негізгі қағидалары жатыр. Қазақстанда конфессиялардың құрылымды диалогы елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға қол жеткізудің ең басты жолдарының бірі болып табылады. Қазақстандағы көп конфессиялылық мемлекеттің қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтаумен байланысты баянды гуманистік құндылығы мен тәжірибелік маңызы бар толеранттылық пен өзара құрметтің қағидаларын бекітумен бірге жүреді. Республикадағы толеранттылық қағидасы саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, сонымен бірге зайырлы мемлекетті құрудағы ең негізгі принциптердің бірі болып табылады. Қазақстандық модель тұрақты, қатып қалған үлгі болып табылмайтындығы өнеге тұтарлық. Ол жаңа ағымдарға сәйкес жетіле отырып, елдегі және әлемдегі болып жатқан өзгерістерге ілтипатпен әрекет етеді. Әлемдік және дәстүрлі діндердің жақсы дәстүрлерін құрметтеп және қолдай отырып Қазақстан заманауи зайырлы мемлекет құруда. Дін саяси-мемлекеттік үдерістерге араласпайды. Өз кезегінде, мемлекет діни қауымдастықтардың өміріне араласпайды, олардың әлеуметтік, салттық, ағартушылық және қоғамдық өмірге терең интеграцияланудың өзге де міндеттерін толыққанды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасайды. Конфессиялардың/діндердің ішкі өміріне араласпау саясатын ұстана отырып, олардың қызметтерінің толық 14 жүзеге асуына ықпалын тигізе отырып, мемлекет олардың арасындағы диалогтың дамуын ынталандырады. Тәуелсіздік жылдарында елімізде діни институттардың айтарлықтай сандық және сапалық өсімі байқалды. Тарихи-мәдени ескеркіштер мен мешіттер жаңғыртылып, қалпына келтірілді, жаңадан ғибадат ету ғимараттары бой көтерді. Қазақстандағы ресми мойындалған мерекелік/демалыс күндердің қатарына мұсылмандық Құрбан айт мерекесі мен Христос Рождествосы православиелік мейрамы енді. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 2011 жылдың 18 мамырында құрылған Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі өзінің өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырып келеді. Агенттік әр түрлі дінге сенушілермен діни бірлестіктердің арасындағы өзара түсіністікті нығайту, дін тұту бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты атқарып келеді, сондай-ақ заңнамаға сәйкес діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мен салааралық үйлестіруді жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесі (әрі қарай – Кеңес) қызмет етеді. Кеңес консультативтік-кеңесушілік орган ретінде діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-әрекеттестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру, қоғамдағы рухани келісімді нығайту мен конфессияаралық қатынастарды үйлесімдеу мәселелері бойыншаұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді. Жетекшіконфессиялардың басшыларынан, дінтанушы ғалымдардан, мемлекеттік басқару органдарының жұмыскерлері мен ҚР қоғам қайраткерлерінен құралған Кеңес өзінің қызметін мемлекеттік органдармен, республиканың діни, өзге де қоғамдық бірлестіктерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асырады. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жанынан дінибірлестіктердің қызметіне қатысты күн тәртібіндегі мәселелерді жүйелі әрі тұрақты түрде шешумен айналысатын діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес қызмет атқарады. Отырыс барысында қарастырылатын мәселелер және оларға қатысты шешімдер мен сәйкесті қызметтер аймақтағы діни ахуал мен әлеуметтік-саяси жағдайдың жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Қазақстандағы діни ахуал мәселелері жөніндегі консультациялық сараптамалық кеңесі (әрі қарай — Кеңес) ҚР Дін істері агенттігі жанындағы үнемі қызмет атқаратын консультативтік-сараптамалықорган болып табылады және келесідей қызметтердіжүзеге асырады: − діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру мен діни қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; 15 − діни ахуалды зерттеу саласында тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік сарапшылармен, халықаралық ұйымдармен өзара әрекет етеді. Кеңес құрамы дінтану, саясаттану, әлеуметтану, философия, мәдениеттану, құқықтану саласындағы жетекші мамандар мен ғалымдардан, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емесұйымдардың өкілдерінен тұрады. 2012 жылдан бері республикада өзінің қатарына 160-тан астаммаманды біріктірген «Дінтанушылар конгресі» ҚБ қызмет етеді. Конгрестің жанында ислам дінінің мәселелерімен қызығушылар мен мұсылмандардың танымдық, рухани және діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық Интернет-порталы жұмыс істейді. Интернет-порталда қазақстандық халықтың дәстүрлі рухани құндылықтары, ислам жайында объективті ақпараттар шоғырландырылған. Блоггер-мамандардың жұмысы ұйымдастырылған. Дін істері агенттігі жанында дін және дін тұту еркіндігі саласындағы, сонымен қатар үйлесімді конфессия аралық қатынастарды, толерантты сананы, қоғамдық бейбітшілік пен келісімді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес секторды біріктіретін Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыстар жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Кеңес азаматтық секторды қамтитын 40-тан астам ҮЕҰ біріктіреді, соның ішінде 28-і діни қатынастар саласы бойынша түрлі қызметтер көрсетумен тікелей айналысатын үкіметтік емес ұйымдар. Жалпы алғанда, біздің елде әрбір азамат діни тиістілігіне қарамастан, Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтар мен бостандықтарға ие және оны толықтай пайдаланатын конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасқан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық ету қызметіне өту жағдайына байланысты өзінің үндеуінде: «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі – ол әр түрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуінің бүкіл әлемдік үдерісіне Қазақстанның қосқан шынайы үлесі» — деп ерекше атап өтеді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі.