Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді
Еgov.kz порталында, «Ашық диалог» бөлімінде 24 тамыз сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаровпен интернет-конференция өтеді. Онлайн кездесудің тақырыбы – «Қарағанды облысында ауыл шаруашылығын дамыту туралы».
Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі