Кандидаттар жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнының ұжымымен кездесті
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов, Едіге Нұрмағамбетов және Нұргүл Талғатбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықты сапалы ауызсумен, тұрақты жылумен қамтамасыз етуге қатысты басымдықтарға тоқталды.

Сондай-ақ кездесуде коммуналдық саладағы өзекті мәселелер, кәсіпорын жұмысының ерекшеліктері мен қызметкерлерді толғандыратын сұрақтар талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, кандидаттарға көкейдегі сауалдарын қойды. Кандидаттар көтерілген мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын жеткізіп, сайлауалды бағдарламада қамтылған міндеттер туралы түсінік берді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
