Қазақстан мен Молдова Премьер-Министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Анталияда (Түркия) БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 31-ші конференциясының Саммиті аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Молдова Республикасының Премьер-Министрі Василе Тофанның кездесуі өтті.

Онда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, көлік-логистикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Олжас Бектенов Молдова Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Өзара сауданы ұлғайту үшін перспективалық бағыттар белгіленді. Қазақстанның экспортын ұлғайту және екі ел арасындағы көлік қатынастарын дамыту мүмкіндіктеріне, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Молдованың логистикалық инфрақұрылымын пайдалану мәселелеріне назар аударылды.
Өз кезегінде Василе Тофан Қазақстанда экономиканың прогрессивті өсуін қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы оң пікір білдіріп, елдің халықаралық энергетикалық нарықтағы ұстанымдарының нығайғанын атап өтті. Молдованың Қазақстанмен іскерлік байланыстарды жандандыруға мүдделі екендігі білдірілді.
Тараптар қазақ-молдован қатынастарын экономиканың басым бағыттары бойынша одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растады.
