Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі
Енді Қазақстан жолдарында электромобильдерді мемлекеттік нөмірінен-ақ ажыратуға болады.

Ішкі істер министрлігі электр көліктеріне арналған жаңа нөмір үлгілерін бекітті.
Жаңа тәртіп бойынша:
• Электромобиль, электробус және электрмотоциклдердің өңір коды орналасқан бөлігі жасыл түсті болады;
• Нөмірдегі таңбалар ақ фонда қара түспен жазылады;
• Полиция көліктеріне көк түсті нөмір беріледі;
• Дипломатиялық және шетелдік көліктерге қызыл және сары түсті нөмірлер қарастырылған.
Жаңа өзгерістердің басым бөлігі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
