Ұлытау ауданында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов Ұлытау ауданындағы «Визит» орталығында тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылға арналған өңірді дамыту басымдықтарына тоқталды.

Атап айтқанда, ауданның инфрақұрылымын жетілдіру, туристік әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.