2027 жылға арналған діни күндер күнтізбесі бекітілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни күндер күнтізбесін бекітті.

Күнтізбеге сәйкес, Қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Ораза айт мерекесі 9 наурызда аталып өтеді. Ал Құрбан айт 16–18 мамыр аралығына жоспарланған.
ҚМДБ діни күндердің нақты мерзімі айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.
