Интернет-алаяқтарынан сақ болыңыз!
Қоскөл станциясы желілік полиция бөлімшесінің аумағында ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап, сәуір айының соңына дейін интернет-алаяқтыққа қарсы бағытталған «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта кез-келген адамның смартфоны, планшеті бар соған байланысты интернет-алаяқтардың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ауыспалы абоненттік нөмірлерді заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертеміз. Бұл жағдайда қылмыстық схемаларда қолданылатын телефон нөмірлері банктерге де, құқық қорғау органдарына да берілуі мүмкін. Осындай жағдайда интернет-алаяқтарынан сақ болу үшін пластикалық банк карталардың мәліметтерін, кодтарды, құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын-ала төлем жүргізбеуге, күмән тудыратын сайттарға ақша аударымдарын жасамауға байланысты Қоскөл станциясы арқылы сапарға шығатын жолаушыларға профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Данияр ЖАНДАРБЕК,
Қоскөл ст.ЖПб бастығы, полиция майоры.
