Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі тірегі

Заң бар жерде әділдік орнайды, ал тәртіп сақталған жерде халықтың сенімі артады. Әр азамат заңды құрметтеп, ортақ жауапкершілікті сезінгенде ғана қоғамда тыныштық пен қауіпсіздік қалыптасады.

Қазіргі уақытта заңдардың жаңаруы, құқық қорғау органдарының ашық жұмыс істеуі және азаматтардың құқықтық сауаттылығының артуы – тәртіптің нығаюына тікелей әсер етеді. Тәртіпсіз ортада ешқандай даму болмайды, ал заң үстемдік құрған қоғамда ғана әділдік пен өркендеу қатар жүреді.

Сондықтан «Заң мен тәртіп» – тек мемлекеттік құрылымның емес, әрбір азаматтың ортақ мәдениеті мен жауапкершілігі.

Зәуре БАЛШЫҚБАЕВА,
Ұлытау аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.