Тұқымды дәрілеу – өнім сапасын арттыру
Өнімнің сапасын арттыру үшін тұқымды себер алдында дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Тұқымды дәрілеу – тұқымды себуге дайындаудағы қорытынды кезең. Дәрілеу «Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарын дәрілеу» жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Тұқымды дәрілеу маңызды агротехникалық шара болып табылады. Осының нәтижесінде топырақтағы және тұқымға сақталған ауру қоздырғыштардың зиянды әсері басылады да, жаңа өнім сапасы жақсарады. Тұқымды дәрілеу үшін Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (химикаттар) және тұқым улағыштарын қолдану керек.
Әрбір препараттардың физикалық күйіне ауру қоздырғыштардың биологиясына, құрылысына және тұқымдардың басқа ерекшеліктері мен залалдану деңгейіне байланысты дымқыл, құрғақ дәрілеу болып ажыратылады. Жұмыс жасаудың алдында екі күн бұрын жергілікті жерлерді, көршілес шаруашылықтарды құлақтандыру қажет. Тұқымды себуден 4-30 тәулік бұрын дәрілеген дұрыс. Бидай мен арпа тұқымдарын улағыштармен өңдеу тиімділігі жағынан асып түседі, себу сапасына теріс әсер етпейді. Улы химикаттармен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет, химиялық құралдардың тізімде белгіленген енгізу уақыты мен нормаларын орындау шарт және арнаулы медициналық байқаудан өтуі керек.
Ауыл шаруашылық дақылдары, оның ішінде астық тұқымдастарын түрлі аурулардан дәрілеу және химикаттар, тұқым улағыштары бойынша Қарағанды қаласы Нарманбет Телепова көшесі 6 үй, №3 кеңседе орналасқан «Астана — Нан» фирмасынан 8 (7212) 780525 хабарласып, ақпараттық кеңес алуға болады.
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ НАЗАРЫНА!
Тұқым дәрілеу жұмыстарын жүргізетін қызметкерлеріңіз ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау мамандарына келіп техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысып медициналық байқау қағазын тапсыруы қажет. Тұқым дәрілеу жұмыстарына қатысатын адамдарда арнайы киім мен алғашқы жәрдемге дейін дәрі қобдиша болуы керек. Жұмыс жасау кезінде сақтық жасаған дұрыс. Жұмыс істеудің алдында қызмет көрсететін адамдар сақтандыру ережесімен танысып, арнайы киімдермен (комбинизон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор, т.б.) қамтамасыз етілуге тиіс.
Жомарт АСАНӘЛІ,
ҚР АШМ АӨК МИКҰлытау аудандық аумақтық
инспекциясы мемлекеттік мекемесінің бас маман,
өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.