Алыпқашпа сөздерге сенбеңіз…

Өткен жылы індет өршігенде, ол саябырлаған соң да коронавирусқа қарсы вакцина туралы WhatsApp әлеуметтік желісіндегі алуан түрлі алыпқашпа әңгіме, сыпсың сөздің куәсі болдық. Бірі вакцина салдырғандардың ағзасына чип енеді десе, енді бірі екпеден кейін әлем халқының бала тууы тоқырайды деп сәуегейлік жасады. Тіпті кейбіреуі үшінші дүниежүзілік соғысқа жаппай дайындық жүріп жатыр, сондықтан, бұл – халық санын азайтудың амалы дегенге дейін барды. Әрине, дәйек-дәлелі болмаса да, мұндай жаға ұстатарлық деректерді оқыған халықтың басым деніекпе тақырыбына үрке қарағаны анық. Қысқасы, әлеуметтің көкейінде сансыз сауалдар тұрды. Біз бұл сауалдарды білікті мамандардың алдына тартқан едік…

Аятжан РАХЫМБЕК, эпидемиолог:

– 2021 жылғы 14 сәуірдегі ресми мәлімет бойынша Қазақстанда вакцина салдырғандардың саны 435 393-ке жетіпті. Айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Бірақ өзге мемлекеттермен салыстырғанда көп төмен. Орайлы сәтте әлеуметтік жағдайы әлсіз мемлекеттердің вакцинаны сатып алуға жағдайы келмей жатқанын айта кету керек. Ал бізде – су тегін. Сондықтан салдырып алу керек. Десек те, бір жағдайды ескерген жөн. Кез келген вакцинаның кері әсері болады. Ол адамның иммунитетіне қарай әсер етеді. Вакцинаны салдырмас бұрын «жасыңыз нешеде, созылмалы сырқатыңыз, аллергияңыз бар ма, иммунитетіңіз төмен бе?»- деген сұрақтарды өзіңізге өзіңіз қойып көріңіз. Егер денсаулығыңыз қалыпты болса, екпені еш сескенбей ала беруіңізге болады.

Нұрбек КЕРІМБЕКОВ, заңгер:

Кодексінің 77-бабында «кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде, вакцинация егілетін адамның тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі» деген талабы есіңізде болсын.

Бірақ вакцина салдырмаудың кері әсерлері бар екенін білу керек. Біріншіден, ол өз өміріңізге және жақындарыңызға қауіпті болуы мүмкін. Екіншіден, екпесіз шетелге шығу мүмкіндігі өте төмен. Сондай-ақ, алда-жалда ауыра қалсаңыз, вакцинасыз еңбекке жарамсыздық қаражаты төленбейді.

Дина ЕСІРКЕПОВА, терапевт:

– Вакцина салдырғандар арасында өзін әлсіз сезінгенін, кейбірі басы мен қолы ауырғанын немесе ыстығы көтерілгенін айтатындар да кездеседі. Бірақ бұл – уақытша жағдай. Доктор Патрисия А.Стинчфилд «Егер сізде екпеден кейін қандайда бір реакция болса, онда бұл оның шынымен жұмыс істейтінін білдіреді, – дейді, яғни, сәл ауырсаңыз, қуануыңыз керек. Өйткені, бұл – сіздің иммундық жүйеңіздің жауап беріп жатқанының дәлелі. Сондықтан елдің жел сөзіне еріп, вакцина салудан тартынбағаныңыз жөн.

Ақгүл ҚҰДАЙБЕРГЕН