Ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан 20 қазанға дейін өтеді

Қазақстандағы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді. Бұл ауқымды статистикалық байқау Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Үкіметтің шешімі бойынша жүргізіледі. Ол онлайн және офлайн бөліктен тұрады. Онлайн санақ sanaq.gov.kz сайтында 1-31 тамыз аралығында өтеді. Барлық заңды тұлғалар, фермерлер мен шаруа қожалықтары сауалнамадан өз бетінше өтуі керек. Сондай-ақ үй шаруашылықтары да сауалнамаға онлайн қатыса алады. Офлайн санақ 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарын аралап шығады.

Сельхозперепись пройдет с 1 августа по 20 октября

Национальная сельскохозяйственная перепись в Казахстане пройдет в период с 1 августа по 20 октября 2025 года. Это масштабное статистическое наблюдение проводится по поручению Главы государства и решению Правительства. Основной этап состоит из онлайн и оффлайн части. Онлайн-перепись пройдет на сайте sanaq.gov.kz с 1 по 31 августа. Все юридические лица, фермерские и крестьянские хозяйства должны пройти опрос самостоятельно. Также домохозяйства могут пройти опрос онлайн способом. Офлайн-перепись пройдет с 20 сентября по 20 октября. Интервьюеры обойдут домохозяйства, которые не заполнили анкету онлайн.

Ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі 1-31 тамыз аралығында өтеді

Ауыл шаруашылығы санағының онлайн сауалнамасы 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Бүгінде сайт танысу үшін іске қосылып тұр. Заңды тұлғалар, фермерлер мен үй шаруашылықтары санақ парақтарын қашықтан өз бетінше толтыра алады. Сайтқа кірген кезде респондент ЭЦҚ, QR-код немесе СМС арқылы тіркеліп, авторизацидяан өтуі қажет. Сауалнаманың кейбір жолдарында мемлекеттік органдардың деректер базасында бар көрсеткіштер көрсетіледі. Респондент оларды өзгеріссіз қалдыруы немесе жаңартуы мүмкін. Сауалнама аяқталғаннан кейін респонденттің электрондық поштасына санақтан өткені туралы хабарлама келіп түседі. Санақтан онлайн-режимде өтуге ыңғайлы болу үшін жергілікті әкімдіктер мен аумақтық статистика бөлімшелерінің ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылатын болады.

Онлайн этап сельхозпереписи пройдет с 1 по 31 августа

С 1 по 31 августа будет проводиться онлайн-опрос на сайте sanaq.gov.kz. Сейчас сайт уже запущен для ознакомления. Юридические лица, фермеры и домохозяйства смогут самостоятельно заполнить переписные листы на портале удалённо. При входе на сайт респонденту необходимо зарегистрироваться и авторизоваться с помощью ЭЦП, QR-кода или СМС. В некоторых строках будут отображены показатели, имеющиеся в базах данных государственных органов. Респондент может оставить их без изменений или актуализировать. После завершения опроса на электронную почту респондента поступит уведомление о прохождении переписи. Для удобства прохождения переписи в онлайн-режиме будут организованы зоны самообслуживания в зданиях местных акиматов и территориальных подразделениях статистики.

Ауыл шаруашылығы санағы шамамен 17 мыңнан астам үй шаруашылығын және 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамтиды

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы қатысушылардың кең ауқымын қамтиды. Барлығы 17 мыңнан астам үй шаруашылығын және 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту жоспарланған. Қызметі мал шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен және балық шаруашылығымен байланысты барлық заңды тұлға, соның ішінде ЖШС, шаруа және фермер қожалықтары міндетті түрде санаққа қатысуы керек. Сондай-ақ санақ кезеңінде жеке учаскесі, бақшасы бар, өзі үшін дақыл егетін немесе төрт түлік, құс ұстайтындардың барлығын қамту жоспарланған.

Сельхозперепись охватит свыше 17 тыс. домохозяйств и около 4 тыс. сельхозпроизводителей

Национальная сельхозперепись охватывает широкий круг участников. Всего планируется охватить свыше 17 тыс. домашних хозяйств и около 4 тыс. сельхозпроизводителей. Все, чья деятельность связана с животноводством, растениеводством и рыбоводством, в том числе ТОО, крестьянские и фермерские хозяйства обязательно должны принять участие в переписи. Также в период переписи планируется охватить всех, кто имеет приусадебный участок, сад, огород, выращивает сельхозкультуры для себя или содержит сельскохозяйственных животных, птицу и т.д.

Санақ кезінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінен қызметі жайлы сұралады

Ауыл шаруашылығы санағы кезінде заңды тұлғаларға арналған сауалнамаларда жер және егіс алқаптарына, мал басына, ауыл шаруашылығы техникасына және инфрақұрылымға байланысты сұрақтар болады. Сондай-ақ респонденттер өз қызметінің сипаттамалары, еңбек ресурстары және ауыл шаруашылығы қызметінің басқа да аспектілері туралы сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Үй шаруашылықтарынан жер көлемі, маусымдық немесе көпжылдық дақылдардың егілуі, мал немесе құс ұстау, жайылымға шығару туралы сұралады.

Сельхозперепись опросит производителей об их сельхоздеятельности

Во время сельхозпереписи в вопросниках для юридических лиц будут вопросы, связанные с земельными и посевными площадями, поголовьем животных, сельскохозяйственной техникой и доступом к инфраструктуре. Также респондентам предстоит ответить на вопросы о характеристиках их деятельности, трудовых ресурсах и других аспектах сельхоздеятельности.
В домохозяйствах будут спрашивать о площади земель, о том, сажают ли они сезонные или многолетние культуры, имеется ли поголовье скота или птицы, выгоняют ли их на пастбище, где содержат скот.

Ауыл шаруашылығы санағына 30-ға жуық интервьюер тарту жоспарланған

Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу үшін Ұлытау облысы бойынша 30-ға жуық адамды тарту жоспарланған. Бұл – санақ кезеңінде уақытша жұмысқа орналасатын интервьюерлер. Санақ персоналы ретінде жұмыссыз азаматтар, студенттер, сондай-ақ конкурстық іріктеуден және арнайы оқытудан өткен барлық ниет білдірушілер тартылады. Барлық интервьюер дала жұмыстары үшін қажетті материалдармен және техникамен, соның ішінде деректерді жинауға арналған планшеттермен қамтамасыз етіледі. Олардың міндеті – үй-үйді аралап, жеке сауалнама жүргізу.

На сельхозперепись планируется привлечь около 30 интервьюеров

Для проведения переписи планируется привлечь около 30 человек по области Ұлытау. Это будут интервьюеры, которые временно трудоустроятся на период переписи. В качестве переписного персонала привлекаются безработные граждане, студенты, а также все желающие, прошедшие конкурсный отбор и специальное обучение. Все интервьюеры будут обеспечены необходимыми материалами и техникой для работы в полях, включая планшеты для сбора данных. Их задача – провести личные интервью во время подомового обхода.