Еңбек адамы: Қоғамның қозғаушы күші

Еңбек адамы – қоғамның іргетасы, елдің дамуы мен өркендеуінің басты қозғаушы күші. Оның маңдай тері мен адал еңбегі мемлекетіміздің әрбір жетістігінің артында тұр. Еңбек адамы өз ісіне деген жауапкершілігімен, тиянақтылығымен, табандылығымен өзгелерге үлгі бола алады. Ол қандай мамандықты меңгерсе де, өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқарып, елдің игілігі үшін қызмет етуді басты міндеті деп біледі.

Еңбек адамдарын дәріптеу – қоғамның оларға деген құрметі мен ризашылығын білдірудің бір жолы. Олардың күнделікті қажырлы еңбегі арқылы экономиканың өрлеуіне, қоғамның әл-ауқатының артуына қосқан үлестері орасан зор. Мұндай азаматтардың ерінбей еңбек етуі, патриоттық рухы біз үшін әрдайым мақтаныш.

Елдос ОСПАНБЕКОВ,
жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы.