Қарағандылық спортшылар акробатикадан Қазақстан чемпионатында үздік атанды
Қарағандыдағы А. Г. Степаненко атындағы «Олимпиадалық резерв» мектеп-клубының гимнастикалық залында спорттық акробатика бойынша ҚР чемпионаты өтті. Біздің спортшыларымыз үздік атанды.
Жарысқа Алматы, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының өкілдері қатысты. Сайысқа еліміздің 73 мықты спортшысы қатысты.
Жарыс бағдарламасында жаттығулардың үш түрі болды: баланстық, динамикалық және аралас.
Бірінші орынды қарағандылықтар Александра Рудакова мен Дамира Талғат (әйелдер жұбы), Даниель Диль және Вадим Шуляр (ерлер жұбы), Руслан Мелешко және Русалина Халабурдина (аралас жұптар) иеленді. «Әйелдер тобы» санатында күміс медальдарды Қарағанды гимнастика мектебінің өкілдері Адель Біржанова, Гүлару Алдабергенова және Полина Кузнецова жеңіп алды.
Спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша