Заң білген зардап шекпейді
Ұлытау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2024 жылы Сауда және Тұтушылардың құқығын қорғау саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында өңірлік брифинг өтеді. Баяндамашылар Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Дәулетбаев және «Ұлытау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжаһан Дүйсембекова.
Қазіргі таңда Департаментпен өткен жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына қатысты барлығы 477 өтініш түскен.
Аталған көрсеткіштер бір жағынан – тұтынушының таңдау деңгейінің артуын білдірсе, екінші жағынан – жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуін көрсетеді.
Қазіргі уақытта, шағымды e-tutynyshy сайтында тіркелу арқылы немесе е-otinish.kz ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады. e-tutynyshy сайтында кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімділік беріледі, шағым мен проблемалық мәселелер сипатталады және тікелей тұтынушыға жіберіледі. Бүгінгі таңда е-otinish.kz және Smart QR жүйесімен интеграция жүргізілді, платформаның мобильді нұсқасы жасалды.
Департамент ішкі сауда қызметін реттеу саласында, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына сауда үстемесін қадағалайтын мемлекеттік орган.
Бүгінде Облыс төңірегінде әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына баға біршама тұрақталғаны байқалады. Бұл департаменттің әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына бағасының өсуін тежеуді бақылау құралдарын тиімді іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.
2024 жылда департаментпен электрондық шот фактураларға талдау жүргізіліп және Ұлытау облысы әкімінің өкіміне сәйкес құрылған Ұлытау облысы бойынша азық-түлік бағаларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия қатысушыларының қажырлы еңбегінің арқасында, әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарына сауда үстемесінің мөлшерін негізсіз арттырған барлығы 340 кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сауда базары әкімшісі бекіткен базар регламентінің болмауына байланысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 204-2 бабының 1 тармағына сәйкес 2 кәсіпкер және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 204-3 бабының 1 тармағы бойынша 1 кәсіпкер азық-түлік тауарларын беру шартын жасау кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан сыйақы мөлшерін арттыру немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алумен байланысты сыйақыны заңсыз талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасында жария шарт жағдайында тауар өткізу кезінде тауарлардың баға жапсырмаларын орналастырмаған 58 жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 193-бабы 4-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылып, қысқартылған түрінде 649 732 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұтынушылардың бұрышын орналастырмаған және жазбаша наразылыққа жауап бермеген 142 жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 190-бабы 5-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылғандығын жеткіземіз. Бұл көрсеткіштер сауда саласын реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын ілгерлеуіне бағытталып отыр.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 155-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетінін хабардар етпекпіз.
Яғни Кодекстің «190»-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда баяндалады
5. Сатушының (дайындаушының, орындаушының):
1) сатушының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
2) ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап ұсыну жөніндегі міндеттерін орындамауы
– ескерту жасауға алып келсе. Жаңа редакцияда аталған бұзушылыққа: «жеке тұлғаларға – бес,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
Кодекстің 204-4 бабында:
Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін арттырғаны үшін
ескерту жасауға алып келсе, Жаңа редакцияда:
«жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бестен жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азайғандығын атап өтеміз.
Жоғарыдағы айтылған өзгерістер 11 қаңтарда яғни ресми жарияланған күннен кейін 60 күнде күшіне енетінің назарларыңызға жеткіземіз (11 наурыздан кейін).
Қазіргі таңда тұтынушыларды қауіпсіз тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысы іске қосылды.
Жобаның міндеттері:
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға тарту.
Қазіргі таңда «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысын іске асыру барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестіктің өкілдері «Сапалы өнім» тұжырымдамасының аясында сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін анықтау мақсатында облыс аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.
Қоғамдық бірлестікпен Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 41-бабына сәйкес дүкендерге мониторинг жүргізіліп, жарамдылық мерзімі өткен, қазақша таңбалау жоқ және құрамы техникалық регламенттерге сай келмейтін, яғни тиісті емес сападағы тауарлар анықталып, отандық өндірушілерді қолдау және тұтынушыларды қорғау мақсатында тисті жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда 2024 жылдың қаңтар айынан техникалық регламеттерге сай келмейтін 145 тауар анықталды. Анықталған тауарлар бойынша тұтынушылардың арызы Ұлытау облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданып, департамент өз құзыреттілігі шегінде 91 өнім дүкен сөрелерінен алынып, кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 11 611 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.