Бастауыш кәсіподақ ұйымы – еңбекшілердің негізгі тірегі

Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандар жылы» деп жариялады. Бұл – еңбек адамына деген үлкен қамқорлық қана емес, еліміздің экономикасының басты қозғаушы күшіне деген сенімділік пен жауапкершілік деп түсінсек артық болмас.

Еңбек адамына деген негізгі қамқоршылықты қоғамдық ұйымдардың арасында кəсіптік одақтар өз иелігіне алып, жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстар негізінен 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-VҚРЗ Қазақстан Республикасының «Кəсіптік одақтар туралы» Заңын басшылыққа алып əрекет етеді. Ал, шындығында біздегі еңбек адамдары осы мүмкүншілікпен қаруланған ба өздерінің еңбек құқықтарын қорғай ала ма? Осы тұрғыдан келгенде бұл жұмысты мемлекет тарапынан еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі мен оның облыс, қала, аудандардағы департаменті мен бөлімдері атқарып жүргенін, ол салаға қарайтын «Еңбек инспекциясы бар екенін, олар Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексімен» қаруланғаның жəне оның орындалуын талап ететінін біле ме екен деген ой тұрақты мазалайды. Əрине, бұл жерде жұмысты еңбекшілерге осы мəселе бойынша бағыт беріп, құқығын қорғауына қолданылып отырған заңдар бойынша кəсіптік одақтар міндеттеріне алуы керек. Заңның арнайы 15-бабы «Бастауыш кəсіподақ ұйымы» деп аталса, 25-бапта «Кəсіподақтар қызметінің кепілдіктері», т.б. баптарды еңбекшілеріміз дұрыс пайдалана алмай келе жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Бұл жұмыстың əсіресе ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің арасында ақсап тұрғанын ешкім жасыра алмайды.
Кəсіподақ ұйымының іс-əрекеті туралы не білеміз? Əрине, біз көп жағдайда жоғарыдан келетін нұсқаулармен тапсырмаларды орындау немесе сол тапсырмалардың көлемінде жұмыс жүргізу сияқты бұрыннан қалыптасқан тəртіптің төңірегінде ойлаймыз, жұмыс беруші, яғни мекеме, кəсіпорын басшысы не айтса соны орындауға қалыптасқандаймыз. Осы салада жиырма жылға жуық жұмыс жасағандықтан іс-тəжірибемді ортаға салу арқылы еңбек адамдарына заңды көмегімді бергім келеді, беріп те жүрмін.
Негізі, əр еңбеккер алысқа бармай-ақ, өз құқығын қорғау мəселесін өздерінің бастауыш кəсіптік одағы ұйымында шешуіне мүмкіндікті пайдаланғаны дұрыс. Кез келген еңбек адамы заңгерлерден, аудандық, облыстық кəсіподақ жетекшілерінен ақыл-кеңес алу, өз бетінше заң талаптарымен танысып əрекет етуге қалыптасқаны лəзім болар еді. Бұл заңдарды жатқа білу, білікті заңгерлерге де аса ауыр.
Бұрындары мекеме басшысының, яғни жұмыс берушінің үстелінің үстінде «Еңбек кодексі» жату туралы талап болатын, ал кəзіргі уақытта бəрінің алдындағы компьютерді пайдаланатыны белгілі. Əрбір еңбекші жұмыс барысында келеңсіз жайлар мен даулы мəселені даурықпа көп сөзділіктен гөрі жоғарыда айтылған заңдарға сүйене отырып, жұмыс берушімен пікірлесіп, болмаған жағдайда ұйымдағы бастауыш кəсіподақ ұйымы арқылы əрекет етуі осы мəселені шешуінің басты шарты болып келеді. Егер бастауыш кəсіподақ ұйымы заңды шешім қабылдаса оны жоғарғы кəсіподақ органы, не басқа да заң орындары бұза алмайды. Бұндай істердің бұрын да тапай куəсі болғанбыз. бармай-ақ, өз құқығын қорғау мəселесін өздерінің бастауыш кəсіптік одағы ұйымында шешуіне мүмкіндікті пайдаланғаны дұрыс. Кез келген еңбек адамы заңгерлерден, аудандық, облыстық кəсіподақ жетекшілерінен ақыл-кеңес алу, өз бетінше заң талаптарымен танысып əрекет етуге қалыптасқаны лəзім болар еді. Бұл заңдарды жатқа білу, білікті заңгерлерге де аса ауыр. Бұрындары мекеме басшысының, яғни жұмыс берушінің үстелінің үстінде «Еңбек кодексі» жату туралы талап болатын, ал кəзіргі уақытта бəрінің алдындағы компьютерді пайдаланатыны белгілі. Əрбір еңбекші жұмыс барысында келеңсіз жайлар мен даулы мəселені даурықпа көп сөзділіктен гөрі жоғарыда айтылған заңдарға сүйене отырып, жұмыс берушімен пікірлесіп, болмаған жағдайда ұйымдағы бастауыш кəсіподақ ұйымы арқылы əрекет етуі осы мəселені шешуінің басты шарты болып келеді. Егер бастауыш кəсіподақ ұйымы заңды шешім қабылдаса оны жоғарғы кəсіподақ органы, не басқа да заң орындары бұза алмайды. Бұндай істердің бұрын да тапай куəсі болғанбыз.
Мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық кəсіпорындары, ауыл шаруашылығындағы, кəсіпкерлік құрылымындағы еңбекшілердің жұмыс бағыттары əртүрлі болғандықтан оларға қойылатын талаптар да əртүрлі. Олардың білімділігі, шеберлігі, еңбекқорлығы, тəртібі көп жағдайда еске алынады. Көп жағдайда еңбек дауларының аяғы екіжақты келісіммен шешіліп жатады, бұл да дұрыс тəжірибе, кейінгі кезде «медиация» дейді ғой. Басты мəселе еңбек адамдарының сауатының кемшіндігін пайдаланып, оларға залалды болмағаны керек қой.
Міне, осы жағдайда ұжымдағы кəсіподақ ұйымының басқа жаңашыр мүшелері араласып дұрыс шешім қабылдауға белсене кірісуге заңды пайдалануға мүмкүндік бар. Бұл шағын мақалада тиісті заңдарда толық түсінік беру мүмкін емес, дегенмен кейбір жиі пайдалануға тиісті жерлерін айта кетуге болар. Мысалы: «Кəсіптік одақтар туралы» Заңның 26-бабы, 1-тармағында – Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кəсіподақ органдарының мүшелері өздері мүшелері болып табылатын кəсіподақ органының уəжді пікірінсіз тəртіптік жазаға тартылмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған кəсіподақ органының басшысы (төрағасы) жоғарғы тұрған кəсіподақ органының уəжді пікірінсіз тəртіптік жауаптылыққа тартылмайды.
Байқасаңыздар кəсіподақ жетекшілерінің жанашырларына біршама кепілдіктер беріліп тұр. Ал ұжымдық шартты сауатты қабылдаған жағдайда бұдан да тиімді, өз саласына байланысты мүмкіндіктер қарастыруға болады.
Жалпы, ұжымдық шарт ұйымның, кəсіпорынның жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасындағы негізгі құжат. Көп жағдайда ұжымдық шарт дайын көшірме түрінде, еңбек инспекциясына тіркелу үшін, тіпті талқыланбай-ақ дайындала беретіні жасырын емес. Осындай жұмыстардың бəріне бастауыш ұйымнан жоғарғы тұрған кəсіподақ органы тəжірибе жүзінде тұрақты көмек көрсету керек, жарнасын жинап алып томпиып жата бермей.
Біздегі 2014 жылғы қабылданған «Кəсіптік одақтар туралы» Заң осы уақытқа дейін бірнеше түзетулерге ұшырады. Олардың көбісі кəсіподақ мүшелерінің көңілінен шықпағаны, əр жерде еңбек адамына тиімсіз неше түрлі кəсіподақ органдарының ашылуына жол берілді. Осындай олқы тұстар келешекте ескеріледі деп ойлаймын. Биыл Парламент Мəжілісінің жоспарында заңға үлкен түзетулер жасалуға тиісті. Бұл жолғы түзетуден үлкен үміт күтеміз. Кейбір баптар туралы Парламент депутаттарына өз ұсынысымызды берудеміз.
Ауыл шаруашылығында еңбек қауіпсіздігі өндірістен кем болмайды. Оған көңіл бөліп жатқан органдар жоқтың қасы. Мысалы 2023 жылы облыстың еңбек инспекциясында болғанда, мəселені көтергенде байқағаным, бұл департаментте 5 – 6 адам ғана қызмет істейді екен. Олар болса Жезқазған, Сəтбаев қалаларындағы өндіріс орындарында болып жатқан өндірістегі үлкенді-кішілі апаттардан артылмайды екен. 2015-2016 жылдары тіпті үш-ақ адам болатын, олар Қарағандының бөлімшесі ғана еді.
Араласып көріп жүргенімде мал дəрігерлерінің, атап айтқанда, ветеринарлық станциялардың жұмыстары өте сын көтермейтін жағдайда. Мысалы, ауданда, қанша мал бар солардың бəрі егілуі, қан алынуы, сырға салып реттеліп, аурулардан емделуі керек. Ал шаруа қожалықтарының бəрі де бұған дайын емес, расколдар 10-15% ғана бар шығар. Əсіресе ірі қара, жылқы малдарын байлап матап, жығып жұмыс жасау керек. Шаруа қожалықтарында əдеттегідей жұмыс күші жетіспейді. Жылқылардың, ірі қаралардың «жабайы» болып кеткендері бар дегендей. Осындай келеңсіздіктерді бастауыш ұйымдармен келісе отырып, жоғарғы органдарға, министрліктерге ұсыныстар жолдап, бұл мəселенің шешімін табуға жұмыстар жасау кезек күттірмейтін шаруа.
Кəсіподақтың бастауыш ұйымында мықты көңіл бөлетін жұмыстың бірі – ұжымдық шарттың жұмыскерлерге тиімді қабылдануы. Мысалы, Жезді кентінде «Жезбұлақ» деген коммуналдық мемлекеттік кəсіпорын бар. Кешегі 2000 жылдардан кейінгі құрылғаннан бері халыққа өз деңгейінде қызмет көрсетіп келе жатқан ұжым. Кəсіпорында 30- ға жуық еңбек адамдары бар. Бұл кəсіпорын ұжымдық шартты дайын формада жасай салмайды. Ұйымда талқыланып қабылдағанның нəтижесінде жұмысшы мамандарды тұрақтандыру өз нəтижесін беріп отыр. Олардың ұжымдық шарты бойынша жұмыскерлерге кəсіпорын есебінен сыйақы, отынға түсірілетін көмірдің 50%-ын төлеу, еңбекшілердің туған күндерін атап өту, зейнетке құрметпен шығарып салу сияқты, т.б. жеңілдіктер мен құрметтер қарастырылған. Кейін қаржылық тексерістер болғанда бұлар заңды жұмыстарға жатады. Себебі, ұжымдық шартта қаралған, ұйымның келісімімен жасалған, кəсіпорын қаржысының жылдық шығынына жоспарланған.
Осы жылы «Жезбұлақ» кəсіпорыны жобалас ұжымдардың бастауыш кəсіподақ ұйымының төрағалары мен басшыларын осы мекемеде жинап ұжымдық шарт қабылдау тақырыбында тəжірибелік семинар өткізу жоспарда бар. Кəсіподақтың бастауыш ұйымы жұмысына бірден-бір əсер ететін мүмкіншілік – ұйым басшысының мінезіне, мəдениетіне, өзімшіл еместігіне байланысты болып келеді. «Менің ғана айтқаным болу керек» деген жүйемен жұмысты жүргізетін басшылар ұжымға ауыр. Бұл кешегі кеңес дəуіріне еліктеушілік деп түсінуге болар. Көріп жүрген тəжірибеде кəсіподақ мүшелері қалыптасқан жағдайда жұмысы жүріп тұрған ұжым мен басқа ұжымның ұйымшылдық, сыйластығы мен мəдениеті басқаша болады.
Ұжымда еңбек адамын марапаттау деген үрдіс бар. Көп жағдайда бұл ұжым басшысының берген ұсынысымен жүзеге асып жатады. Ал оның соңы көпшіліктің көңілінен шықпай, даурықпа əңгімеге ұласып кетеді. Бұның тəртібі – бастауыш ұйымда талқыланып, хаттамаланып, жоғарғы жаққа хаттама ұсынылуы керек. Осы тəріздес басқа да жұмыстар тəртіппен жүріп жатса құба-құп болар еді.
Қазіргі уақытта салалық кəсіподақтың облыстық филиалы кəсіподақ мүшелерінен жиналған 1%-дық жарнаның жыл аяғында 55%-ын бастауыш ұйымға өздерінде мəдени-көпшілік жұмыстар жүргізуге ақшалай қайтарып отыр. Өткен жылдары 2 млн теңгенің үстінде жарна түсірген бір ұйым 1 млн теңге қаражатты ұжым өздерінің мұқтаждарына жұмсау құқығына ие болды.
Жалпы, еңбек адамына қамқоршы болатын кəсіподақ құрылымдары, оның бастауыш ұйымдары ұжымдарға бірлік пен татулықтың, бір-біріне деген түсінушіліктің, сыйластықтың ұйтқысы болуы керек. Бұл деген ұлтымыздың салт-дəстүрінің қайта қалыптасуы, рухани дəрежемізді көтеру арқылы бірлескен жағдайда еліміздің экономикасын дамытудың жетекшісі деп түсінуіміз керек.

Шаяхмет ҮМБЕТОВ,
«Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облысы бойынша өкілі.

Ұқсас жазбалар