Бала құқы: қорғау мен қолдау
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысын қорытындылау.
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 3 құрамды сот. Сотпен соттың соттылығына жататын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер қаралады.
Қылмыстық істерді қарау бойынша көрсеткіштер
Жалпы өткен жылда сотпен 35 іс қаралған (2023 жылы 31), оның ішінде 2 іс 2023 жылдың қалдығы. 2024 жылы сотқа 33 іс түсіп, оның ішінде 29 іс сол жылы қаралып бітсе, 4 іс осы жылға қалдық болып өткен (30.12.2024 жылы түскен сотқа).
Оның ішінде: ауыр қылмыстар – 12 іс, ауырлығы орташа қылмыстар – 10 іс, онша ауыр емес қылмыстар – 13 іс.
Жаза тағайындау бойынша: бас бостандығынан айыру жазасы – 5 адамға, бас бостандығын шектеу туралы жаза – 29 адамға, қоғамдық жұмыстарға тарту – 1 адамға тағайындалған. 2023 жылы тек бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған.
Қылмыстарға тоқталсақ, ұрлық жасағаны үшін – 4 іс, бөтеннің мүлкін талап ету – 4 іс, автокөлікті заңсыз иемдену – 3 адам, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 1 іс, денсаулыққа орташа зиян келтіру – 1 іс, кәмелетке толмағанның жыныстық тиіспеушіліге қатысты – 5 іс, қинау және қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану – 1 іс.
Оның ішінде, қоғамдық қызығушылық тудырған істер де бар.
Атап айтқанда, соттың 2024 жылдың 11 шілдесіндегі үкімімен С. ҚК-тің 110 бабының 2 бөлігі 1, 2) тармақтарында (дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi және материалдық немесе өзгедей тәуелдi, көрiнеу кәмелетке толмаған 3 баланы қинап, денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келмеген қорлаумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшыратқан) және 142 бабында (қорғаншының құқықтарын терiс пайдаланып, пайдакүнемдiк ниетпен қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар А., А., Б. зиян келтiріп өзге де ұждансыз пиғылмен пайдаланған, яғни қорғаншылығындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі түрде қысым жасауға әкеп соққан әрекеттерді жасаған)көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтардыжасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ҚК-тің 58 бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған. Ол кәмелетке толмағандар жәбірленушілерге Жезқазған қаласы маңында қорап пен темір-терсек жинатқызған, оларға патронаттық тәрбиеленушілерге берілетін ақшалай қаражаттан және шәкіртақыларынан ақша бермеген, сондай-ақ 2018-2024 жылдар аралығында аптаның демалыс күндерінде, сабақ уақыттарында, каникул кезінде Бегімбет ауылына апарып, тегін жұмыс күші ретінде пайдаланып, үй жұмыстарын жасатқызып, мал баққызған.
Одан бөлек, 2024 жылдың 1 шілдесіндегі үкімімен кәмелетке толмаған Т. 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қорқытып алушылық, яғни күш қолданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған бөтеннің мүлкін беруді талап ету; бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру; алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы бұзақылық ниетпен жасаған денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру қылмыстарын жасаған.
Және тағы мысал, 2024 жылдың 8 қарашасындағы үкімімен Т. ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамаған үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азаматтық істер бойынша:
2023 жылы қаралған барлық азаматтық істердің саны 892 болған, оның ішінде
2024 жылғы барлық азаматтық істердің саны 2736
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер
2023 жылы Әкімшілік істердің саны: 22.
2024 жылы Әкімшілік істердің саны: 29.