Мұз үстінде сақ болыңыздар!

Тəуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде (тұман, қар жауу, жаңбыр) жəне алкогольдік мастану күйінде мұзға шығуға болмайды.

Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
– Өзен арқылы өту кезінде жабдықталған мұз өткелдерін пайдалану керек.
– Су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м.) сақтау қажет.
– Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн, қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпелерін ағыту керек; шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден тастау керек.
– Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасауға болмайды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін, балықшының құрқару кеудешесі немесе тос кеудешесі, сондай-ақ ұзындығы 15-20 метр, бір ұшында ілмегі бар жəне екіншісінде 400-500 грамм жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.
– Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп өткен жолыңызбен жағаға қайта оралу керек.
– Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есін жоғалту мүмкін екенін білу қажет.
Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады:
– көк түсті мұз — берік;
– ақ түсті — беріктігі 2 есе аз;
– cұр жəне күңгірт — ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімді емес.
Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі – 112.

Ұлытау ауданы ТЖБ.