Жолдау: Кәсібилік пен жауапкершілік күшейеді

Біз жыл сайын асыға күтетін ел Президентінің жаңа Жолдауы әрбір ел азаматының ерекше ықыласына бөленді. Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің келешек дамуы мен ертеңгі күнгі бетбұрысты айқындап берді.

Бұл барлық бағыттардың дамуы мен ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ елінің әрбір азаматының көкейкесті мәселелерін шешуге арналған жаңа жолдау еліміздің дамуында, халқымыздың өмірінде көптеген жаңалықтар болатынын көрсетті. Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлінетінін баса айтты. Ұлттық қордан балалар шотына ақша аударуға қатысты заңның қабылдануының дәлелі ретінде балаларды құмар ойындарға тартқандар әкімшілік заңмен жазаланады, кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жаза күшейеді, жобаланған заң қабылданады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу да баса айтылды.
Президент өз Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін кезең-кезеңімен арттырудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету, бірінші кезекте су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда байқалған кадр тапшылығын жою, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті мамандарды дайындау қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы Жолдауының түйіні ретінде ел азаматтарын елге адал қызмет етуге, абыройлы қызмет атқаруға, терең білім алып, талмай еңбек етуге шақырды.

Құралай ТӨРЕБАЙ,
библиограф.