Тақырып өзегі – медицина мәселелері

Ұлытау облыстық Өңірлік коммуникациялар алаңында Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранованың қатысуымен Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылдың 10 айындағы қызметінің қорытындылары туралы өңірлік брифинг өтті. Брифингке БАҚ өкілдері қатысты.

“Ұлытау облысының тұрғындарына медициналық көмекті 37 медициналық ұйым көрсетеді, оның ішінде 15 мемлекеттік және 22 жекеменшік. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық жоспарына сәйкес келесі бағыттарда ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Бірінші — өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жақсарту.
Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның құрылысы қарастырылған болатын. Үш фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасыбойынша 20 нысанның құрылысы жоспарланған. 2023 жылы 1 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 6 ФАП, 6 МП іске қосылады, қалған 7 нысан 2025 жылы аяқталады. Сәтбаев қаласының орталық қалалық ауруханасын, Жаңаарқа аудандық көпсалалы орталық ауруханасының емханасын, Ұлытау ауданының Жезді кентінің ауруханасын, Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінің жаңа оқу корпусын күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қаражал қаласының ауруханасы бойынша жобалық — сметалық құжаттамасына түзетулер енгізілді, сондықтан нысан 2025 жылға ауысады. Сондай-ақ, 7 медициналық мекемені күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде Сәтбаев қалалық ауруханасы базасында травматологиялық пункт салу бойынша «Қазақмыс» корпорациясымен меморандумға қол қойылды. Қазір мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсім жүріп жатыр.
Екінші, маңызды бағыт саланы кадрмен қамтамасыз ету.
Облыста медицина қызметкерлерінің жалпы саны 3006, оның ішінде дәрігерлер — 656, орта медицина қызметкерлері-2350 адам. Былтыр салада 66 маман жетіспесе, бүгінгі күнге бұл көрсеткіш 50-ге дейін кеміді. Елеулі алға жылжу бар. Бұған біз нақты жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың арқасында қол жеткіздік. Былтыр 19 маман келіп, 5 млн. теңгеден көшу шығыны қайтарылды. Биыл ауыл немесе қалаға келгеніне қарай 5-тен 8 млн. теңгеге дейін көшу шығынын төлеу үшін 150 млн. теңге қаражат қарастырылып 19 маман өңірге келді. Қойылатын талап – жаңадан келген медициналық маман кемі 5 жыл жұмыс істеуі керек.
Үшінші маңызды бағыт – саланы материалдық – техникалық жабдықтау. Жедел медициналық жәрдем қызметі үшін алдыңғы жылдары 12 жаңа санитарлық автокөлік сатып алынды. Автокөліктің тозуы әлі де 49.7% құрайды.
Биылғы жылы облыстық мәслихаттың қарауына ауылдық жерлерге арналған 4 санитарлық автокөлікті және санитарлық авиацияға арналған жүрдек автомобильдерді сатып алуға қаражат бөлу мәселелері енгізілді. 2025 жылы Жезқазған және Сәтбаев қалалары үшін 10 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда.
Жезқазған қаласындағы емхана мен облыстық көпбейінді аурухана базасында қуаттылығы 1,5 Тесла МРТ кабинеттері ашылды.
Облыстың медициналық мекемелеріне жалпы сомасы 2 млрд. 223 млн. теңгеге медициналық жабдықтар мен техника сатып алынды. Оның ішінде медициналық жабдықтарды сатып алуға жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде 2024 жылы республикалық бюджеттен барлығы 1,6 млрд. теңге бөлінді. Ірі медициналық техникадан 28 бөлімге ангиограф және КТ сатып алынды, олар жыл соңына дейін облыстық көпсалалы ауруханада орнатылады.
Ағымдағы жылы облыс орталығы – Жезқазған қаласында медициналық қызметтердің жаңа түрлері енгізілді.
«Қарлығаш» балалар соматикалық санаторийінің базасында биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Мұнда жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қажетті медициналық жабдық «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен сатып алынды, мамандарды оқытуды Н.Назарбаевтың «Қамқорлық» қоры қамтамасыз етеді. «Жезденсаулық» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының жанынан біздің облыста тұңғыш рет тамырлы хирургия амбулаториялық орталығы ашылды.
«Жезқазған қаласының медициналық орталығы» ЖШС базасында мемлекеттік тапсырыс аясында облыстық кардиологиялық орталық қызмет көрсете бастады.
Өткен жылы облыстық көпсалалы аурухана базасында ашылған ұрықты қорғау Орталығы өз қызметін кеңейтуде. Онда пренатальды скрининг және ұрықтың доплерографиясы жасалады. «Voluson»шетелдік сараптамалық аппараты пайдаланылады. Катамнез кабинеті ашылды.
Бұл бағытта біздің 15 маман шетелдегі, оның ішінде Түркиядағы орталықтарда біліктілігін арттырудан өтті. Әлеуметтік қолдау жобасы аясында Алматы, Шымкент және Балқаш қалаларынан 4 акушер-гинеколог келді”,- деп Ләззат Нәбиқызы баяндамасын аяқтады. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.