Тәуелсіздік – ұлттың рухани және тарихи құндылығы

Тəуелсіздік – кез келген ұлттың ең қастерлі құндылығы, мемлекет болмысының негізі. Ол ұрпақтардың ғасырлар бойы армандаған, қанымен, жанымен қорғаған қасиетті құбылысы. Қазақ халқы үшін тəуелсіздік ұғымы ұлттың азаттығын, мемлекеттің дербестігін жəне рухани еркіндігін білдіреді. Бұл ұғым ұлт тарихының ең жарқын беттерін айшықтайды. Қазақстан үшін 1991 жылдың 16 желтоқсаны – ұлт тағдырын өзгерткен тарихи күн. Бұл күн халқымыздың тəуелсіз ел ретінде əлемге танылып, өзінің болашағын өзі айқындағанына дəлел болды.

Егемендік алу қазақ халқының санғасырлық күресінің заңды нəтижесі еді. Əсіресе, елдің азаттығы үшін күрескен батырлар мен қоғам қайраткерлерінің еңбегі ерекше. Кенесары Қасымұлы бастаған Ұлт-азаттық көтерілістер, Алаш қозғалысы, Желтоқсан оқиғасы сияқты тарихи сəттер қазақ халқының бостандыққа деген ұмтылысының көрінісі. Тəуелсіздік – тек мемлекеттік мəртебе ғана емес, ол рухани жаңғыру, тарихи əділеттілікті қалпына келтіру кезеңі.
Тəуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан мəдениет, білім, экономика жəне саясат саласында жаңа жетістіктерге жетіп, əлемдік қауымдастықта өз орнын тапты. Бүгінде Қазақстан Тəуелсіздік алғанына 33 жылдан астам уақыт өткенде, жаңа белестерге ұмтылып, өзіндік даму жолын айқындауда. Ұлттық рухты сақтай отырып, жаһандық өзгерістерге бейімделу – уақыт талабы. Тəуелсіздік ұрпаққа тек тарихи мұра емес, сонымен қатар болашаққа жауапкершілік жүктейді. Осылайша, Тəуелсіздік – халқымыздың өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір. Ол ұлттың рухын оятып, алға қарай жетелеуші күш. Қазақ елінің Тəуелсіздігі – мəңгілік құндылық. Сондықтан əрбір қазақстандық оны сақтап, қадірлей білуі тиіс.

Айгүл ДƏУЛЕТБЕКОВА,
Оқушылар үйінің əдіскері.