Жолдау – болашаққа айқын бағдар

Ұлытаулық жастар Президенттің биылғы Жолдауын қолдайды. Мелекетіміздің қарыштап дамуы мен Жаңа Қазақстанды құруда жастардың атқаратын рөлі зор.

Мемлекет басшысының Жолдауы — экономикалық және әлеуметтік дамуға серпіліс берді. Мемлекет басшысы қоғамды толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Олардың қатарында интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, әскердегі тәртіп, есірткі бизнесімен күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің жетілмегендігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бақылаудың шектен тыс болуы және т.б. мәселелер бар. Жаңа Жолдау көптеген өзекті мәселелерді шешуге және еліміздің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған деп есептеймін.

Асылбек ОРАЗБЕК,
белсенді жас.