Көңілге сенім ұялатқан Жолдау
Мемлекет басшысы өзінің дәстүрлі жылдық Жолдауында “Әділетті Қазақстанды” құру стратегиясынның алдағы жоспарын айтты. Одан бөлек өткен жылғы жасалған жұмыстарға да бағасын берді.
Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру барысында әлеуметтік-экономикалық салалардың қарқынды жұмыс істеуіне септігін тигізіп, елді даму жолына бастайтын жасанды интеллекті дамытудын маңыздылығын атап өтті. Сауатты ұрпаққа жағдай жасау басты қағида негізінде “Жайлы мектеп” бағдарламасы аясында жаңа мектептердің бой көтергенінде атап өтті.
Бұған дейінгі де қазақстандықтарға арнаған Жолдауында медицина саласына, тұрғындардың денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу, медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мәселелеріне көңіл бөлініп, нақты міндеттер қойылып келеді. Осы Жолдауында сонымен қатар медицина саласын цифрландыру мәселесі де қозғалды. Жаңа жүйе медицина саласында толық бақылаудың орнауына септігін тигізеді деп ойлаймын.
Серік БАЙМАҒАНБЕТОВ,
Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.