Әлеуметтік-экономикалық дамуда – тың серпін

Ұлытау ауданының әкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі.

Ұлытау ауданында ағымдағы жылы әлеуметтікэкономикалық дамудың статистикалық көрсеткіштері айғақтағандай, өсімнің оң динамикасы байқалады. Бұл – аудан экономикасында елеулі ілгері басу үрдісі қалыптасқанының дәлелі. Атап айтқанда, ауданда 2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі – 3 827,0 млн. теңге, АКИ 83,3% құрап отыр. Көрсеткіш жыл соңына дейін толық орындалады (2023 жылы – 4 595,5 млн. теңге).

Негізгі капиталға инвестициялар

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға инвестициялар салу – 4 800,0 млн. теңге. АКИ – 177,7% (2023 жылы – 2 701,5 млн. теңге).

Кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылғы қаңтар-тамызда жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 1 894 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 99,0% (2023 жылы – 1 924 бірлік).

Құрылыс саласы

2024 жылғы қаңтар-тамызда аудан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 1 440,9 млн. теңгені, АКИ – 172,8% құрады (2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында – 833,8 млн. теңге). 2024 жылғы қаңтар-тамызда 2524,0 ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға беру жоспарланған, орындалысы – 747,0 ш.м. (30%) құрап отыр. (2023 жылғы қаңтар-тамызда – 181,9 ш.м.). Ал жылдық жоспар 2824,0 ш.м құрайды, жыл соңына дейін орындалады.

Әлеуметтік сала

2024 жылғы қаңтар-тамызда жұмыссыздар саны 292 адам немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 96,3% (2023 жылғы қаңтар-тамызда – 303 адам).
Жұмысқа 227 адам орналастырылады немесе 100% (2023 жылы – 227 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтардың саны 53 адамды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,6% құрайды (2023 жылы – 109 адам).

Ауыл шаруашылығы

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 25 537,0 млн. теңге, АКИ – 102,0%.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі: тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіруде 2,0%-ға, сүт 1,5%-ға, жұмыртқа алу 1,0%-ға өсім байқалады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының бірқатар мал басының, атап айтқанда ІҚМ – 64 281 бас – 2,0%-ға, жылқы – 55 651 бас – 3,0%-ға, қой мен ешкілер – 127 841 басқа, 0,5%-ға өсіп отыр.

2024 жылғы егістік алқаптың жалпы көлемі

Ауданы бойынша 2024 жылы 20 800 гектар жерге егін себілді. Оның 19 500 гектарына бидай, 1 300 гектарына арпа, картоп – 53 га, көкөніс 21 гектар жерге егілді.
Дәнді дақылдардың әрбір гектарынан түсімі 9-12 ц/га аралығын құрайды. Алынатын өнім барлығы 18 720-22 880 тонна аралығында күтілуде. Егін ору жұмыстары 21 тамызда басталды және 26 қыркүйекте аяқталады деп күтілуде. Егін ору науқанына 45 комбайн, оның 12 данасы «ДжонДир», «Есіл», «Вектор» комбайндары және 80 автокөлік пен 108 адам қатысуда.
Бүгінгі күнде арпа дақылы толық орылып, 1 300 гектардан 1 430 тонна өнім жиналды және орылған 10 100 гектар бидайдан 11 110 тонна өнім алынды (11ц/га), егін ору жұмыстары жалғасуда.
Бау-бақша гектарына 50 центнерден жиналды. Оның ішінде 12 гектардан көкөністен – 60 тонна өнім (100%) және 53 гектар картоптың 40 гектары жиналып, 200 тонна өнім алынды.
2024 жылы 3 дана комбайн, 27 дана трактор, 2 дана жүктиегіш, 5 дана пресс подборщик және 13 дана әртүрлі (тырмауыш, вилла, ковш т.б) техникалар алынды.

2024-2025 жылдарға қысқы мал азығын дайындау

2024 жылға 205 мың тонна шөп дайындау жоспары бекітілген. Бүгінгі күнге 260 мың тонна дайындалды (126,8%). Қысқы мал азығын дайындау жұмыстарына 262 дана трактор, 144 дана шөп орағы, 149 дана тырнауыш, 35 дана шөп престеуші, 100 дана шөп тиегіш ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Ұлытау ауданы халқына 1 тюктін бағасы 800 — 1000 теңге арасында, кебектің 1 тоннасы 70 000 теңгеден сатылуда. Биылғы көктемгі ылғалдын мол болуынан шөптің түсімі өткен жылға қарағанда жоғары болуда.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру барысы

«Ұлытау» ӘКК арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2023-2024 жылдары аудан бойынша 122 жоба – 1 млрд 6 млн 989 мың теңге несиеге 1374 бас жылқы, 529 бас ірі қара, 452 бас қой, 7 жоба бойынша (1 мал базасы, 1 тігін цехы, 2 монша, 1 жол бойындағы дәмхана, 1 туризмге, 1 шағын бизнес орталығын дамыту) басқа бағытта алынды. Ауданда 2 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтер 52,6 млн. тг несие алды, олар: 2023 жылы алған «АЛАҢ ҰЛЫТАУ» АӨК (с.Ұлытау, Абишев Нұрсултан, несие – 24 млн. тг, 37 бас ІҚМ) және 2024 жылы алған «ҰЛЫТАУ АГРОКОМПЛЕКС» АӨК (Мибұлақ ауылы, несие – 28,6 млн. тг, жол бойындағы кафе). Осылайша, барлық кенттер мен ауылдық округтер бойынша кәсіпкерлерден өтінімдер қабылданды.

Қаржы көрсеткіштері

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында аудан бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдердің көлемі 4 361,8 млн. теңге сомасында жоспарланса, іс жүзінде 5 041,5 млн. теңге орындау жоспарлануда немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 115,6%.

Ұлытау ауданының 2024 жылға арналған аудандық бюджеті

Бюджеттің кіріс бөлігі – 6 304 755,0 мың теңге;
Бюджеттің шығыстары – 6 304,755,0 мың теңге, оның ішінде:
Ағымдағы шығындар – 2 845,2 млн. теңге;
Даму бюджеті – 3 459,5 млн. теңге;
Нысаналы трансферттер – 1 811,9 млн. теңге.

Ұлытау ауданының 2024 жылға арналған Меншікті кірістер жоспары

Барлық меншікті кірістер – 6 304 755,0 мың теңге;
Салықтық түсімдер – 6 270 435,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 30 037,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 283,0 мың теңге.
Ағымдағы жылы аудан бойынша республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен әлеуметтік-саяси маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту

2024 жылы ауылдық елді мекендердің инженерлік, оның ішінде және абаттандыру бағытында бірқатар жобалар іске асырылуда.
Атап айтқанда, 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының және Жалпы сипаттағы трансферт аясында Ұлытау ауданының автокөлік жолдарын орташа жөндеу жоспары:
Іске асыру мерзімі: 2024 жыл;
Жобаны іске асыруға бөлінген қаржылар – 2 083 480,0 мың теңге;
Облыстық бюджеттен – 1 771 532,0 мың теңге;
Аудандық бюджеттен – 311 948,0 мың теңге.
Оның ішінде
— Ұлытау ауылының Бұлқышев, «Сельхозтехника», ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы көшелерін (2,617 км) орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
— Қарсақбай кентінің теміржол станциясына дейінгі 2,5 шақырымды құрайтын жолын көтерме жөндеу жұмыстары аяқталды.
— Қарсақбай кентінің Байтасов және Жосалы көшелерінің автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сарлық ауылына кіреберіс 20-30 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сарысу кіреберіс 0-21,27 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қаракеңгір ауылының Аманат және Жерұйық ішкі көшелерінің автокөлік жолдарын орташа жөндеуге келісімшарт жасалынды. Жұмыс кестесіне сәйкес, орындау мерзімі – 2024 жылдың қыркүйек айы.
Жезді кентіндегі Сансызбаев, Көкбұлақ, Есентоғай және Тоқтыбай көшелерін (1,216 км) орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ақтас кенті мен Пионер елді мекенінің кіреберіс жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 9 су өткелі жасалды.
Шеңбер-Ұлытау бағытындағы аудандық дәрежедегі жол бойындағы Ащылы сай суағары жаңадан салынды.
«Ұлытау ауданы бойынша 13 антенна-діңгек құрылысын салу» 2025 жылы жоспарда бар, ағымдағы жылы құжаттары рәсімделуде.
«Тайжан көшесіндегі бір пәтерлі үш бөлмелі 10 коммуналдық тұрғын үйді және Ұлытау селосындағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» көшесіндегі 10 бір пәтерлі үш бөлмелі коммуналдық тұрғын үйді инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымға жеткізу желілерін салу және абаттандыру» нысанды аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың қазан айына жоспарлануда.
«Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарына» енгізілген, Ұлытау ауылында «Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысы» ағымдағы жылғы 28 тамызда іске қосылды.
Аудан орталығында 2023 жылы басталған «Ұлытау ауылында ауысымында 100 келушіге арналған, 20 орындық аурухана құрылысы» 2024 жыл соңына дейін аяқтау және іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Мибұлақ, Қоскөл, Терісаққан, Байқоңыр ауылдарында 25 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылыстарын аяқтап, қолданысқа беру көзделуде. Бұлардан тысқары, Борсеңгір ауылында ФАП, Айыртау, Ақтас, Бетбұлақ, Егінді, Пионер, Шеңбер ауылдарында медициналық пункттер құрылыстары басталды және жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
«Жезді кентінде 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» бүгінгі күнге ғимарат тұрғызылып, қасбеті сэндвич-панельмен қапталып, инженерлік инфрақұрылымы, абаттандыру жұмыстарының 80% орындалды. Нысан – ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады.
Ұлытау селосындағы Иманжан көшесінің бойындағы өзен жағалауына ұзындығы 2,1 км Каскадтар жүйесі мен автокөлік жолдарының құрылысы және абаттандыруға ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс нысанын 2024-2026 жылдары іске асыру жоспарда.
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы дайын пәтерлерді сатып алу мақсатында, Ұлытау ауылында 2023 жылы «Самға» ЖШС құрылысын салуды бастаған Абай көшесіндегі 33 пәтерлі тұрғын үйді конкурс арқылы сатып алу көзделуде. Жалпы аудан бойынша 131 адам үй кезегінде тұр.
Ұлытау ауылы Асатов көшесіндегі жазғы саябақта Жабық жүзу бассейні құрылысын 2024 – 2025 жылдары салу жоспарланды.
Жезді кентіндегі Бұлқышев көшесі 31, 38-1, 38-2 үйлерінің тасқын су басу салдарынан қирауына байланысты, зардап шеккен тұрғындарға жаңадан үш үй салынып, тұрғындарға берілді.

Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту барысы

Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағытында «Ұлытау ауылының су жүйесін реконструкциялау» жобасын аяқтау желтоқсан айына жоспарлануда.
Ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша Терісаққанда ауыз су мұнарасы жанартылды.
Ұлытау ауылында жаңадан ауыз су ұңғымасы қазылды.
Сарысу ауылдық округінде 500 м қосымша ауыз су желісі тартылды.
Жезді кентінің электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жезді кентіне кіреберіс автокөлік жолына жарықтандыру желісі орнатылды.
2024 жылы ауданның барлық ауылдық елді мекендерінде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде Қарсақбай, Егінді, Ұлытау, Аманкелді, Ақтас, Шеңбер, Алғабас, Мибұлақ, Сарысу, Байқоңыр елді мекендерінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Ұлытау, Терісаққан, Қарсақбай, Борсеңгір, Егінді, Алғабас ауылдық округтерінде балалар ойын алаңы орнатылды. Сонымен қатар Ұлытау ауылының кіреберісіндегі айналма жолдағы стеллаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Байқоңыр ауылының кіреберісіне арка орнатылды. Жезді кентіндегі 2 көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді.
Питомник: Ұлытау ауданының аумағын көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, ағымдағы жылы «Назерке» жеке кәсіпорыны (Алматы қ.) 50 000 түп қылқан жапырақты ағаштар: қарағай, қайың, көгілдір шырша, сфералы туя, қырым қарағайы, қараағаш, үйеңкі, терек, ағаш гүл көшеттерін отырғызып, өсіру үшін Ұлытау ауылының «Дүтбай» сайының тың жер алқабынан 5,0 га жер учаскесі бөлініп, питомник жұмыстары басталды. Жоба құны – 450,0 млн. теңге, жеке инвестиция салу арқылы жүргізілуде.

Мәдениет, спорт, білім беру нысандарын дамыту

-«Аудандық мәдениет бөлімі» ММ ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-Спорт мектебінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
-Қаракеңгір ауылдық округінің мәдениет үйі ғимаратына модульдік жылу беру қазандығы орнатылды.
-Қаракеңгір ауылында футбол алаңы (ангар) құрылысы аяқталды
-№1 Ұлытау ОМ аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, су бұрқағы орнатылды. Сонымен қатар №6 Жезді, №9 Терісаққан ОМ модульды қазандық орнатылды. №15 Қарсақбай ОМ тамбур орнатылды, №4 Қаракеңгір, №8 Егінді ОМ жылу жүйесі жаңартылды. №4 Қаракеңгір, №8 Егінді, №18 Мибұлақ ОМ спорт залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық Өнер мектебі мен Оқушылар үйі ғимаратын ағымдағы жөндеуге 40 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» жобасы шеңберінде 2023-2024 жылдары ауданға 19 отбасының 84 мүшесі қоныс аударды. Оның ішінде Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарынан және Астана қаласынан қоныс аударып келді. Олар Ұлытау ауданына қарасты Ұлытау, Егінді, Мибұлақ, Сарысу ауылдарына, Қарсақбай кентіне орналасты. Жалпы ауданға көшіп келген отбасыларынан мектептерге 39 бала қабылданса, балабақшаларға 10 бала барды. Бағдарламадан тыс Терісаққан, Ұлытау ауылдарына 3 отбасы және жас мамандар келуде. Осыны ескере отырып, аудан бойынша ескі ФАП ғимараттарын облыстық денсаулық сақтау басқармасынан ауданның коммуналдық меншігіне берілсе, оларды қалыпқа келтіріп, сырттан келген мамандарға жатақхана ретінде ұсыну жоспары бар.
Биыл ауданның құрылғанына – 85 жыл. Соған орай, мерейтой аясындағы іс-шараларды жүйелі жоспарлау және өткізу мақсатында ұйымдастыру комитеті құрылып, іске кіріскен болатын. Алғашқы кезекте орындаушылар тарапынан ұсынылған бірнеше жоба-нұсқалар арасынан атаулы жылдың арнайы логотипі іріктеліп алынып бекітілді. Ол жергілікті «ŪIYTAU» газеті мен ұтымды негізде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың ажар-көркін арттыра түсуде.
Мерейтой аясындағы аудандық деңгейдегі қорытынды жиын 16 қазанға белгіленіп отыр. Осы бағытта қолға алынып, атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік аудан тұрғындарын ортақ мүдделі істерге жұмылдыруға дәнекерлік етері күмәнсіз.