АЭС – тұрақты әрі үздіксіз энергия көзі

6 қазан күні елімізде Атом электр станциясының құрылысы жөніндегі бүкілхалықтық референдум өтпек. Бүгінгі таңда еліміз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екендігі мәлім. АЭС төңірегіндегі зерттеулерді жүргізген ғалымдардың айтуы бойынша оны салу көп салаға серпін береді және мемлекеттің өркендеуіне, ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуы үшін қажет.

Қазақстанда үлкен уран қоры бар. Әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің қатарына жататын еліміз үшін өз шикізатын пайдалану арқылы энергетикалық тәуелділіктен арылуға мүмкіндік зор. АЭС ауаға улы газ шығармайды. Сондықтан бұл электр энергиясын өндірудің экологиялық таза әдісі саналады екен. АЭС салу туралы шешім қабылдау алдында Қазақстан аталған тақырыпты қоғам талқысына салды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу-салмау мәселесін арнайы референдум арқылы шешуді жөн деп тапты. Ғаламтор кеңістігіндегі мәліметтерге сүйенсек дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр деген ақпарат бар. Қоғамда атом электр стансасын салу мәселесі көп уақыттан бері талқыланып келеді. Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Сол себепті Жаңа Қазақстанды жаңа бастамалармен құруға атсалысайық.

Сүнгенова Махаббат,

белсенді жас.