Қарағанды облысының жастарын мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырады
Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы және «Ұлағат» шығармашыл жастар клубы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» онлайн-байқауын өткізеді.
Ақындар додасына қатысуға өтінімдер қабылдау 23 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Байқау «көркем оқу» номинациясы бойынша өткізіледі. Өтінімдерді elagat_sh_j_k@mail.ru электрондық поштаға немесе WhatsApp нөмірі бойынша: 8-702-166-45-62 жіберуге болады.
Байқауға 16-23 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады. Қатысушы өзінің Instagram парақшасында #mukagali_90years #akiyk_akynga_90yyl хэштегін қойып, әлеуметтік желілерде @ulagat__ @jas_pro парақшаларын белгілеп, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасынан туындыны оқыған бейнежазбаны жариялауы тиіс.
Қорытынды 24-25 ақпанда шығарылады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.