Соңғы қоңырау: ІІМ мектеп түлектері мен ата-аналарына үндеу жасады

Мектептегі Соңғы қоңыраудан кейін көптеген түлектер қуаныштарын өз бетінше атап өтуге талпынады.

Ішкі істер министрлігі ескертеді:

▪️ жасөспірімдер көлік тізгініне отырып, салдарынан қайғылы оқиға болу мүмкін. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді.

▪️ ата-аналардың бақылауынсыз тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарында осындай оқиғалар болған.

Ведомство түлектер мен ата-аналарын сабырлы болуға шақырады.