Мейірімі жүзінен төгіліп тұрған жан
Қазақ əйелі – инабаттылығы, мейірімділігі Һəм рухтылығымен қашанда ерекше бөлек. Бұл қазақ əйеліне тəн қасиет. Солай десекте, əйел-ананың қоғамдағы орны мен рөлі қай заманда болсын тым жоғары. Қазіргі қоғамның даму барысын өмірде – нəзік, көңілде – биік, ал істе мығым əйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес. Қазақ əйелдері де еліміздің барлық саласында жемісті еңбек етіп, өзіндік қолтаңбаларын қалдырып жүрген еңбекқор жандар. Əріге бармай-ақ, Тəуелсіздік жылдардан бергіні айтсақ, ұлттың рухын көтеруде, келешек ұрпақ тəрбиелеу ісінде ел үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан нəзік жандар баршылық. Солардың бірі – №17 Байқоңыр орта мектебінің оқу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Гүлсім НАСЫРИТДИНОВА.
Ол 1981 жылы 22 сəуірде Жезқазған аймағындағы Теректі станциясында дүниеге келген. Ата-анасы жұмыс бабымен Сəтбаев қаласына қоныс аударған соң, сол қаладағы №1 мектепте оқиды. Мектепті тəмамдағаннан кейін Жезқазған гуманитарлық колледжінің бастауыш сынып мұғалімін дайындайтын бөліміне оқуға түсіп, колледжді «Үздік» дипломмен бітіріп шығады. Уақыт өте келе Ө.Байқоңыров атындағы университеттің қазақ тілі мен əдебиеті факультетінде оқып, оны да жақсы бағамен аяқтайды. Қазір ол білім саласында жоғары білімді ұстаздардың санатында.
Алғашқы еңбек жолын Сəтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясынан бастаған. 2022 жылдан бері Ұлытау ауданына қарасты Байқоңыр ауылындағы №17 жалпы білім беретін мектепте ұстаздық етеді. Əуелі аталған мектепте бастауыш сынып мұғалімі, тəлімгер, қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі болды. Кейіннен мектеп директорының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлығына көтерілді. Ал, бүгін директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінде.
Білікті мұғалімнің білім саласындағы еңбегін саралайтын болсақ, əр сабақтарында балаларды оқыту жəне тəрбиелеу бағытында түрлі тəсілдерді қолданып жүрген жаңашыл мұғалім. Үнемі ізденісте жүретін ұстаз. Қашан көрсең де парасатты қалпынан əсте ажырамай, шəкірттеріне мейірімін төгіп жүрген жан. Осындай қасиеттерімен əріптестерінің алдында үлкен беделге ие. Жыл сайын оқу үрдістеріндегі жетістіктері еленіп, құрмет биігінен көрініп келеді. Оның жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Қарағанды білім басқармасының білім саласындағы «100 жаңа есім» жинағына енгізілген. Шабал Бейсенбекова атындағы облыстық педагогикалық байқауында «Табысты мектеп – командалық жұмыстың нəтижесі» тақырыбында «Білім бастауы – тəрбие» бағыты бойынша дайындаған жұмысы «үздік» деп бағаланып, бірінші орынды жеңіп алған. Бұдан бөлек, аудандық «Мерейлі отбасы» байқауында І дəрежелі дипломмен марапатталған. Бүгінде ол үздік жанұяның отанасы.
Гүлсім мұғалім ғана емес, сол ауылдың қоғамдық істерінің бел ортасында жүрген белсенді адамдардың қатарында. Саяси науқан кезінде де сайлау комиссиясының құрамында болып, сеніп тапсырған жұмыстарды тиянақты атқарып жүргені. Ол қатты сөйлесе қалт сөйлемей Ал, Гүлсімнің өзі болса, бала жанының білгірі атанған білімді мұғалім. Оның оқушылары аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жүлдемен оралып, аудан намысын қорғап жүрген шəкірттер. Бұл мұғалімнің қазіргі заман сұранысына сай сапалы білім беріп отырған еңбегінің нəтижесі. Гүлсімнің басқалардан ерекшелігі қарапайымдылығы мен ұқыптылығы еңбекке деген ынтызарлығы. Осындай жақтары оның ұстаздық келбетін нұрландыра түседі. Ең бастысы, Гүлсім ата мен енесінің ақ батасын алып отырған үлкен əулеттің келіні. Ата-енесімен бірге тұрады. Ене мен келін арасындағы жарасымды сыйластығы дүйім жұртқа үлгі. Осыған қарағанда оның бойында нағыз қазақ əйеліне тəн қасиет қалыптасқан секілді. Өйткені, Гүлсім Насыритдинқызы жауапкершілігі жоғары, рухы биік, ибалы жан.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.