Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын бағдарламалық мақала деуге болады – Ерлан Қарин

«Өйткені сұхбат қойылған сұрақ пен берілген жауаптың көптігімен ғана емес, қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұр. Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді. Біз үшін Президенттің ішкі саясат және идеология саласына қатысты айтқан ой-пікірі мен белгілеген басымдықтары аса маңызды», — деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында.

Айтуынша, Мемлекет басшысы сұхбатта бірқатар бастама мен жобаның жай-жапсарын жеткізіп, аңдатпа жасады.
Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді;
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату қолға алынады;
2024 жылы өтетін айтулы іс-шаралар мен басқа да атаулы күндердің бет-бейнесін белгіледі.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың тақырыпқа шығарылған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деген сөзі барлық идеяның өзегі. Жалпы алғанда, бұл сөз Президент жүргізіп отырған идеологиялық бағыттың шағын формуласы», — деді Е.Қарин.