Тарихи мұра – баға жетпес қазына
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында еліміздің даму мүмкіндіктерін арттыру бағытында тың бастамалар көтеріп, қоғамды толғандыратын өзекті мəселелерді мейлінше қадап айтты. Ең өзекті мəселе – ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғырту, мəдени мұраларымызды жан-жақты дəріптеу. Тарих – тамырымыз. Бəйтеректің мəуелеп өсуі, өркен жаюы тамырдан əрине. «Қазақстан тарихының көп томдық жинағын келесі жылдың ортасына дейін əзірлеуді тапсырамын. Бұл еңбек ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртуға, мемлекетімізді нығайтуға зор үлес қосары сөзсіз», — деді Мемлекет басшысы. Кез келген мемлекет деректік негізге сүйенген төл шежіресін дəріптеуге айрықша мəн береді.
Қазақ халқының басты ерекшелігі – көне дəуірлерден бері үзілмей келе жатқан өмір салты, соған сəйкес қалыптасқан дəстүр мен мəдени құндылықтары. Ұлттық брендті, тарихты жəне мəдениетті насихаттайтын бірден-бір институт-музейлер.
Жезді кентіндегі Мəкен Төрегелдин атындағы тау-кен жəне балқыту ісі тарихы музейінде 2023 жылдың жаздық экскурсиялық маусымында «Киіз үй – əлемнің бөлшегі» жəне «Халқымыздың теміршілік дəстүрі» тақырыбында арнайы эко-этно экскурсиялар тəжірибесі қолға алынды. Біз көшпенділер ұрпағымыз. Сондықтан ұлтымыздың əрбір өкілінің түпсанасында табиғат, өзін қоршаған əлеммен үйлесімді өмір сүру, оны қастерлеу, қорғау, үнемділік пен реттілік қасиеттері табиғатпен берілген. Түптеп келгенде мəдениет дегеніміздің өзі – бізді қоршаған табиғатты игерудің тəжірибелері мен нəтижелері. «Теміршілік дəстүрлері» интерактивті экскурсиялары барысында саяхатшыларға халқымыздың көнеден бүгінге дейін арқауы үзілмей келе жатқан ұсталық, зергерлік кəсіптерінің ерекшеліктері жəне осы кəсіпке байланысты таным-түсінік, дəстүрлер насихатталды. Мысалы, Қазақстан аумағында сауыт-сайманы, атының ең қарапайым əбзелдеріне дейін алтынмен апталған ашылымдар жеткілікті. Бірақ, алтын адам тұлпарының ауыздығы алтын емес, болат темірден соғылады. Неге? Бұл дана хақымыздың теміршілік дəстүрінің тəжірибесі, тіпті ұста-зергерлердің металл қасиетін танудағы білімі, жетістігі.
Халқымыз темірдің қағын ауыз қуысының уылуынан пайда болған түрлі дерттер, қызыл иектің зақымдануы, тері ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал, айлап, апталап ұзақ жорықтарда ауыздықпен алысқан аттардың жағдайы қандай болады? Ат ауыздығын емдік ырым ретінде пайдаланатын дəстүрлер осы күндерге дейін сақталған. Бұл, əрине болат темірдің қасиетін тани білудің жетістігі.
Көшпелі тұрмыстың əрбір көрінісінде ұлттық мəдениеттің құпиялары жасырылған. Мемлекет басшысының Түркістан құрылтайында осы бағытқа аса мəн беріп, даму, табысты болудың кілті ретінде тарихи-мəдени мұраларымызды жан-жақты дəріптеуді атап көрсетуі өте көкейкесті. Тарих – тамырымыз. Тамырсыз өркендеу мүмкін екенін дəлелдей аласыз ба?!
Зейпін ҚАЗАНБАЕВА,
музей басшысы.
Суреттер:
1. Көктемгі көші-қон дəстүрлері. Қозы көгендеу.
2. Далалық ұстахана жаңғыртпасы.
3. Тарихқа оралу. Ежелгі металл балқыту пеші.