Маңызды мәселелер қаралды

Ұлытау ауданының əкімі Аманжол Мырзабековтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мəжілісі өтті. Күн тəртібінде қаржының игерілуі жəне басқа да мəселелер қаралды.

Қаржының игерілуі туралы ауданның экономика жəне қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Əбілов хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар барысын атап өтті.
Күн тəртібіндегі мəселеге байланысты Аманжол Батырбекұлы жыл соңына дейін қаржының толық игерілуін қадағалауды тиісті мекеме, бөлім басшылары мен кент, ауыл əкімдеріне тапсырды.
Аудан басшысы сондай-ақ, қыс мезгілінде ғимараттарды жылумен қамтамасыз етуді күнделікті бақылауда ұстау керектігін ескертті.